» » » Журналист - энциклопедия болуы қажет

Журналист - энциклопедия болуы қажет


Жайна СЛАМБЕК, танымал журналист:
Қазақ тележурналистикасында айрықша орны бар Жайна Сламбекті білмейтін жан кемде-кем. Қуаңдария ауылының тумасы, жерлесіміз бүгінде елордада тұрады. «Қазақстан» Ұлттық арнасының «Apta» бағдарламасының жетекшісі әрі жүргізушісі болып қызмет істейтін ол жақында туған жерге ат басын тіреген болатын. Кездесу кезінде жерлесімізді сөзге тартқан едік.
– Сізді көпшілікке таныстыру артық секілді. Дегенмен мамандыққа қалай келдіңіз?
– Үшінші сыныпта оқып жүргенімде өлең жаза бастадым. Отан, ана, ана тілі туралы... Бірде «Мынаған жазарсың» деп әкем марқұм қалың дәптер сыйлады. Менің талабымды байқаған болуы керек, үнемі ақыл-кеңесін беретін. Жалпы әкемнің өзі де жазудан құралақан емес-ті. «Мектеп бітіргесін ҚазМУ-дің журналистика факультетіне баруың керек!» деді. Журналистиканың «қазығы» миыма сонда қағылған еді. Бейнелеп айтқанда бұрқыратып мақала жазбасам да, сол кездегі еліміз бойынша журналистер даярлайтын қарашаңыраққа құжат тапсырдым. Түстім. Білім ордасында оқып жүргенімде өзімді осы сала үшін жаралғанынымды ұқтым. Журналистика – бұл менің тағдырым. Дәлірек айтқанда, менің болмысым.
Қазіргі қазақ журналистикасы туралы түрлі пікір бар. Сіздің ойыңыз қандай?
– Тоталитарлық жүйеден кейінгі журналистика жақсы дамыды. Бізде де солай. Қасіреті көп ұлттың жоғын түгендегенінің өзі неге тұрады! Оған сәбеттік қоғамның бітеу жарасы мен экономикалық катаклизмді қосыңыз. Демократия орнамауы мүмкін еместей көрінетін... 2000 жылдардан бергі кезең көптің көз алдында. Ал біздің уақытта біріншіден, әлеуметтік желілердің дамуына, жалпы интернеттің дендеп енуіне, екіншіден, мемлекет дамуындағы өзгерістерге байланысты жаңа –сапалы кезеңге өтеді деген сенім пайда болды.
Білікті маман болу үшін не істеу керек?
– Мамандықты сүюі, мықты болуға ұмтылуы керек. Оған жеткізетін білім мен қайрат. Иә, бұл қағидат барлық мамандыққа қатысты. Ал біздің саланың ерекшелігі – барша мамандықтан хабарың болуы тиіс. Талап еселенгенде ғана дара журналист шығады. Яғни журналист – энциклопедия болуы қажет.
Қазақстанда салалық журналистика қаншалықты дамыған? Алдағы 5 жылдың көлемінде дамуы деңгейі қандай болмақ?
– Салалық журналистика мүлдем жоқ деп айта алмаймын. Бар. Бірақ ана тілімізде қаржы, банк жүйесіне, сонымен бірге жаңа технологияларға байланысты жазылатын материал өте аз. Тіл – ғылым тілі болғанда дами түспек. Дегенмен «жарықты» жағатын жалынды жастар барда, сол уақыттың туатынына сенемін.
Туған жерге ат басын тіреп тұрасыз ба?
– Кіндік қаным тамған Қуаңдария ауылына Наурыз мерекесінде баруға тырысамын. Дүние маған сол жерден бастау алған. Мен үшін одан ыстық мекен жоқ.
Қазақтың қарапайым қызы ретінде талай жерді аралап, тұшымды ой түйдіңіз. Осы ретте жастарға айтар кеңесіңіз?
– Адам болған соң адасады, қателеседі, сүрінеді. Мәселе – морт сынбауда шығар. «Толық адам» болуға, кемелденуге ешбір кедергі жоқ. Жаратқан ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректі Адамға ғана берген. Демек бұл өмірде табысты да бақытты болу – адамның өзіне байланысты. «Ізденген жетер мұратқа» демекші, қазір тағы білім алғым келіп жүр. Оқыған сайын білмейтінім көп көрінеді...
Әңгімеңізге рахмет.
Сұқбаттасқан Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
06 қаңтар 2020 ж. 2 505 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 525

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 596

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031