» » Белгілі журналист жаңа қызметте

Белгілі журналист жаңа қызметте

syrboyi.kz Белгілі журналист Ержан Байтілес Президенттің баспасөз қызметіне сектор меңгерушісі қызметіне орналасты. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазды.
"Журналистиканың қазанында қайнаған, "Ақ жол Қазақстан", "Алматы ақшамы", "Ана тілі", "Егемен Қазақстан" секілді іргелі басылымдарда жұмыс істеп, қазіргі қалам ұстаған қайраткер ағалардың тәлімін алған Ержан Байтілес бүгіннен бастап Президенттің баспасөз қызметіне сектор меңгерушісі болып орналасты. Ержан журналистикадан бөлек қоғамдық-саяси өмірге де белсене араласты. Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты, "Nur Otan" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары қызметінде жүріп біраз тәжірибе жинады. Журналистикада, қоғамдық жұмыстағы тәжірибесі Президент баспасөз қызметінің жұмысына өз септігін тигізеді деп ойлаймын", - делінген жазбада.
Ержан Айтөреұлы 1981 жылы Шиелі ауданы, Еңбекші ауылында дүниеге келген. Мамандығы - журналист. 1998-2002 жылдар аралығында әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде журналистика факультетінде жоғары білім алған. Еңбек жолын 2001 жылы «Қазақстан» газетінде тілшіліктен бастаған ол 2005-2008 жылдары республикалық «Ақ жол Қазақстан» газетінде аға тілші, 2005-2008 жылдары «Алматы Ақшамы» газетінде бөлім меңгерушісі, «Ақшам-ақпарат» тобының жетекшісі, 2008-2011 жылдары республикалық «Ана тілі» газетінде бас редактордың бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
2011-2018 жылдар аралығында республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі болған. 2016 жылдан бастап VІ шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты. 2018-2019 жылдары "Nur Otan" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары болған. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ҚР Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі қызметін атқарып келді.
03 қазан 2019 ж. 778 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930