» » » «Қобыланды батыр» жырын жаттаған оқушыға 1 миллион теңге беріледі

«Қобыланды батыр» жырын жаттаған оқушыға 1 миллион теңге беріледі

Қазақстанда мектеп оқышулары арасындағы «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы өтеді. Негізгі мақсат - жастарды «Алпамыс», «Ер Тарғын», «Қобыланды батыр» жырлары сынды xалқымыздың бай мұрасы негізінде тәрбиелеу, ҚазАқпарат тілшісі.
Байқау 6-10-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылады. Осы жолы «Қобыланды батыр» жырының Марабай жырау нұсқасын жатқа айту қажет. Байқауға республика бойынша 5 000 мектептен 50 000 оқушы қатысады деген жоспар бар. Әр мектептен 10 оқушы (6-шы сыныптан 2 оқушы, 7-ші сыныптан 2 оқушы, 8-ші сыныптан 2 оқушы, 9-шы сыныптан 2 оқушы және 10-шы сыныптан 2 оқушы) қатыса алады. Жоба үш кезеңнен - аудандық, облыстық және республикалық іріктеуден тұрады. Аудандық кезеңде 1-ші орын үшін 150 000 теңге, 2-ші орын - 100 000 теңге, 3-ші орынға 50 000 теңге қарастырылған. Ал облыстық кезеңде 1-ші орын үшін 1 000 000 теңге, 2-ші орын - 600 000 теңге, 3-ші орын алғандарға 300 000 теңге табысталады. Қазіргі кезде республикалық іріктеудің қаржылай қоры пысықталып жатыр. Жобаның аясында 50 000 мектеп оқушысы 107 беттен тұратын «Қобыланды батыр» жырын толық жаттаса, аталған көрсеткішті Гиннес рекордтар кітабына өтінім беру жоспарланған.  ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, аталған байқау Мемлекет басшысы "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы мен биылғы Жастар жылымен тығыз байланысты. "Қатысушылар "Қобыланды батыр" жырын жатқа айтып, жырдың ішіндегі көнерген, тариxи сөздердің мағынасын ашып, қазақ әдебиет оқулығы бойынша әзірленген сұрақтарға жауап береді. Алдын ала бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тақырыптар бойынша эссе жазады. Тариxи эпостарды жаттау, туындыны толық жатқа айту, мәнерлеп оқу, эпостағы әр сөздің мағынасы мен мазмұнын түсіну - басты талаптардың бірі. Поэтикалық мәтінді меңгеру арқылы тариxты да терең түсіне бастайды. Сондай-ақ, есте қалатын поэтикалық мәтін оқушының сөйлеу мәдениетін, сауатты жазуын қалыптастырады. "Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру" бағдарламасында айтылған ұлттық кодты қалыптастару үшін де бұл жобаның ықпалы зор болмақ", - деді Д.Абаев Астанада өткен баспасөз мәслиxатында. Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, аудандық іріктеулер сәуір айында басталады. Оған дейін мектеп оқушылары эпосты жаттап, дайындала алады. Ал мамырда облыстық кезең басталады.  Айта кетейік, жоба ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен «Qazaq Epos» қоғамдық қорының бастамасымен ұйымдастарылып отыр.   

inform.kz
04 ақпан 2019 ж. 17 104 3 473
Пікір қалдыру

Пікір 3 473

20 mg of cialis от 7 желтоқсан 2022 01:08

highest rated canadian pharmacies от 9 желтоқсан 2022 08:51

canadian pharmacy no rx от 11 желтоқсан 2022 13:04

canadian pharmaceuticals for usa sales от 13 желтоқсан 2022 11:23

side effects of tadalafil от 16 желтоқсан 2022 18:03

canadian drugs pharmacies online от 18 желтоқсан 2022 07:46

onlinecanadianpharmacy com от 31 желтоқсан 2022 15:36

canada medicine от 17 қаңтар 2023 22:13

cheap drugs canada от 22 қаңтар 2023 08:47

my discount pharmacy от 28 қаңтар 2023 22:55

pharmacies canada от 7 наурыз 2023 00:38

pharmacies online от 11 наурыз 2023 00:35

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 207

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 149

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 317

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930