» » » ЛАТЫНҒА КӨШУДІҢ КЕЛЕШЕГІ

ЛАТЫНҒА КӨШУДІҢ КЕЛЕШЕГІ

Елбасы дәстүрлі Жолдауында «Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады» деген еді. Соған сай елімізде латын графикасына көшуге бірқатар дайындық басталып кетті.

Латын әліпбиін қоғамда насихаттауда жаңа жобалар қолға алынуда. Бұқаралық ақпарат құралы бетінде жаңадан айдар ашылып, бұл бағытта жүйелі жұмыс атқарылуда. Мұндай іргелі іс қоғамның жаңа әліпбиге үйренісуіне септігін тигізбек.
Осы мақсатта облыстық ішкі саясат басқармасының «Қызыл­орда облысының тілдерді оқыту орталығының» ұйымдастыруымен аталған орталық мамандары жаңа әліпбиді халық арасында латын қарпіндегі қазақ әріптеріне дағды қалыптастыруда жұмыс дәптерін жасады. Ол бүгінде оқытушылардың ұтымды әдістемесіне айналып отыр. Дәптердің ерекшелігі – латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің әріптерін жазуға үйрету техникасын жетілдірумен қатар, графикалық тапсырманы орындау арқылы тіл үйренуші әріпті дұрыс жазу мен оның байланысын ажыратады. Бұған қоса латын графикасы негізіндегі жаңа қазақ әліпбиінің емле ережесін оқыту әдістемесін де орталық мамандары ұсынған. Осы орайда жаңа қазақ әліпбиінің емле ережесін түсіндіру, көздағды мен қолдағды қалыптастыру қарастырылған. Облыстық тіл орталығының аудандағы оқытушысы Райкүл Қаратаева мемлекеттік қызметкерлерге латын қарпімен жұмыс істеу техникасын үйретуде. Қазірге дейін 66 тыңдаушы латын қарпімен, сол секілді емлесімен танысты. Оларда жазып, жүргізіп оқу дағдысы қалыптасып келеді.
Айтпақшы латын қарпіне қызығушылық танытқанның бірі – аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы Нұрсұлтан Құрмашев. Оның айтуынша, жаңа жобаны меңгеру оған аса қиындық тудырмаған.
– 27 мамыр мен 12 маусым аралығында облыстық тіл орталығының аудандық бөлімінде мемлекеттік тілдің тыңдаушысы ретінде оқу курсына қатыстым. 100 сағаттық В1 орта деңгейіндегі бағдарлама сабағын игеріп шықтым. Тыңдалым бойынша бірнеше сабақ өтілсе, оқылымда мәтінмен жұмыс істедік. Ал жазылым бөлімінде «Эссе» жазуға машықтандық. Лексика-грамматикада тіл материалын оқысақ, айтылымда әркім өз ойын көркем жеткізуге тырысты, – дейді ол.
Мемлекеттік кешенді жобаны жүзеге асыру бір жылдың еншісіндегі дүние емес. Десе де бұл бағыттағы жұмыста алға жылжушылық бар екені көрінеді. Қарапайым адамдар арасында әріп жаттау, жазып үйрену, латын қарпіндегі мәтінді оқу қазірдің өзінде қолдау мен қызығушылық тудырған.
Ермек Наренов
09 тамыз 2019 ж. 1 297 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031