» » » ЖАТТЫҒУДА ҚИНАЛСАҢ, ЖАРЫСТА ЖЕҢІЛМЕЙСІҢ

ЖАТТЫҒУДА ҚИНАЛСАҢ, ЖАРЫСТА ЖЕҢІЛМЕЙСІҢ

Ауданның әдебиет сүйгіш үш жүзден аса оқушысы жазғы демалысын тиімді өткізіп,  батырлар жырын жаттауда. Олардың жүрек жұтқаны осы жылдың қыркүйегінде өтетін «QAZAQ EPOS» республикалық ағарту жобасына қатысып, бағын сынайды. Байқаудың шартына сай жасөспірімдер «Қобыланды батырдың» 132 беттен тұратын Марабай нұсқасын жатқа білуі тиіс. Айта кетерлігі, эпостық жырдың толық нұсқасын қазірдің өзінде жатқа айтатын дарындылар арамызда табылуда. Соның бірі – №27 орта мектептің 8 сынып оқушысы Қабілет Әбдірайым.
Қабілеттің қарымын бұған дейін білетінбіз. Аудан көлемінде ұйымдастырылатын мәдени шараның дені онсыз өтпейді. Алты жасынан бастап киелі сахнада келе жатқан талантты жастың 5206 жолдан тұратын «Қобыланды батырдың» аталған  нұсқасын жатқа білетінін естігенде таңдана қоймадық. Себебі, оның ерекше талантын жұртшылық осыған дейін де танитын еді. Өнер мен білімді қатар алып жүрген шәкіртінің болашағына ұстазы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әсем Ахметова үлкен үмітпен қарайды.
– Қабілеттің әртістігі әрі әншілігі бар. Өзін еркін ұстайды. Сөз тапқыш. Табиғаты ашық. Музыка мектебінде Ардақ Ысқақовадан сабақ алады. Фортепианода шебер ойнайды. Отбасында анасы бастауыш сыныптың мұғалімі. Екі інісі ағасының ізін қуып, олар да жыр жаттап жүр. Шәкіртімнің есте сақтауы жақсы.  Жас та болса ізденімпаз, еңбеккеш. Тапсырма берсең, орындамай тынбайды. Дайындықтың  басталғанына біршама уақыт болды. Қазір «Қобыланды батырдың» кез келген жерінен жалғастырады. Осындай деңгейге жетуіне сынып жетекшісі Айымкүл Ермекбаева, бастауыштағы апайы Айткүл Ділдәбекованың, сол секілді анасы Жұлдызай Серікқызының септігі мол, – дейді ұстаз.   
Отбасындағы үш ұлдың үлкені өзінен ке­­йінгі бауырларына қамқор. 8 жасар Ырысдәулет Абайдың 17 өлеңін жатқа білсе, Рамазан «Рухани жаңғыру» бағыты бойынша республикалық ғылыми жоба байқауының ІІ орын иегері. Атап айтарлығы, Ырысдәулет ақын Сара Тоқ­тамысованың «Сарадан сарқыт» атты рес­пу­б­ликалық байқауына Сыр өңірінен қатысуға тас-түйін.
Анасының айтуынша, баланың есте сақтау қабілеті әкесінен дарыған. Өйткені Сейдулла 11 жасында Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романының барлық томын оқып қойған. Оған сол кездегі ағайы Дастан Нәзікбаев әсер еткен.
– Қазақ атамыз: «Жігітке жеті өнер де аз» деген. Сол айтқандай, балаларды жан-жақты етіп тәрбиелеуге қолдан келгенше тырысудамыз. Бала тәрбиесі – жауапты іс. Дер кезінде бойында бар қасиетін дамытпасаң, кейін өмірде өз жолын табу қиын. Мектепте апайы қадағаласа, үйде менің бақылауыммен жаттайды. Жыр жаттау арқылы бала қазақ халқының салт-дәстүрі мен ұлттық құндылығын бойына сіңіріп, рухани азық алады, – дейді  Жұлдызай Битенова.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК 
29 шілде 2019 ж. 918 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 099

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031