» » » ОЮЛАР СӨЙЛЕГЕНДЕ...

ОЮЛАР СӨЙЛЕГЕНДЕ...

Қазақ халқының ою-өрнек өнері – байырғы ұлттық өнердің ішіндегі ең ежелгісі. Сан ғасырлық тарихымен біте қайнасқан бұл өнер түрі халықтың шынайы рухани танымымен астасып жатыр. Ою-өрнек – қазақ елінің мәдени дамуының шежіресі. Оның көне атауы – халықтың тарихы мен мәдениетін, ұлттық ерекшелігін, дүниетанымын сипаттайды. Қазақ оюының өзіне тән сыры, өз тілі бар. Ал сіз сол сырды білесіз бе? Бүгін осы жөнінде кеңірек әңгімелейтін боламыз.


Ою белгілі бір ұғымға немесе қандай да бір жағдайға байланысты өрнектеледі. Соны ескерсек, ою-өрнектің айтар ойы мен берер тәрбиесі бар. Қазақ оюынан көбіне үш пішінді жиі кездеседі. Олар: шеңбер, пирамида, төртбұрыш. Шеңбер дегеніміз – күн. Ұлытау – пирамида, шаршы – төрт құбыла. Қазақта «Төрт құбыласы тең» деген сөз бар. Жер бетінде бәрі тең. Оюда табиғат тепе-теңдігі бейнеленеді. Өмір мен өлім, күн мен түн, жақсы мен жаман, ер мен әйел деген секілді ұғым әрдайым бір-бірін толықтырып, тұтастықты құрайды. Философияда ақ және қара жолақпен бейнеленген «инь-янь» деген ұғым бар ғой. Осының бәрін қазақ оюынан кездестіре аламыз.
Айта кетерлігі, қазақ халқы әр оюға ерекше мән беріп, оның қандай бұйымда, қандай киім үлгісінде, қалай қолдану керегіне көңіл бөліп, қателіктің болмауын жіті қадағалаған. Өйткені ою атауына, көлеміне, пішініне, түр-түсіне қарай өзіндік мағынаға ие. Соған қарай, бас киімге қолданылатын ою-өрнек түрін киімнің етегіне немесе шалбардың балағына қолдануға, сондай-ақ керісінше етікке, балаққа ойылатын ою түрін жағаға жапсыруға болмайды.
Қазақ халқына тән 230-ға тарта ою-өрнектің түрі бар. Оның кез келген түрі  мүйіз оюынан бас­тау алады.  Кең тарағаны– қошқар мүйіз оюы. Ол – байлық пен молшылықтың белгісі. Оюдан бес-алты кескінді көреміз. Пішіні қошқардың мүйізіне ұқсағанымен онда пирамида, свастика, крест, Ұлытауға шығу, Ұлытаудан түсу, өмір ағашы бар. Мұның бәрі – тәңіршілдікке жатады.
Қошқар мүйізден сағат тілі бойынша және сағат тіліне қарсы айналып тұрған қозғалысты байқауға болады. Негізгі элементтің бірі қиық (крест) бейнесіндегі нақыш. Одан кейін пирамида бейнесіндегі көрініс бар. Бұл – Ұлытауды бейнелеп тұр. Ұлытаудың үстіне ағаш өсіп, ол ағаштың бұтағында құс бейнеленеді. Құстар – аруақтың жаны ретінде қабылданады. Барлығы да жоғарыда айтқандай тәңіршілдікпен байланысып жатыр.
Халқымызда балаға, ер мен әйелге тән оюлар бар. Қыз баланың қамзолына, көйлегіне гүл тәрізді немесе қанатты қарлығаш секілді өрнек бейнелеген. Ер баланың киіміне найзаның ұшы, бүркіт, қошқар мүйіз секілді өрнекті батыр, алғыр болсын деген ырыммен салған.
Ал белден төмен, белден жоғары салынатын ою туралы естіп пе едіңіз? Мәселен төсеніште қолданылатын ою бас киімге салынбайды. Себебі онда тек қошқармүйіз, қосмүйіз, арқармүйіз, сыңармүйіз, қырықмүйіз пайдаланылады. Осы оюды үй жиһазына, ер-тұрман, қару-жарақта кеңінен пайдалануға болады.
Бас киімге, қамзолға, шапанға салынатын оюлар болады. Мысалы, кейде білместіктен бас киімге салынатын оюды балаққа немесе етікке салып қояды. «Ит құйрық» деп аталатын өрнек ешқашан бас киімге қолданылмаған. Себебі мұның астарында «дұшпаның кеудеңнен жоғары өрлемесін» деген тәмсіл жатыр. Дұшпаның төмен болсын деген ниетпен көбінесе ер адам шалбарының жырық балағына өрнектелген.
Әшекейде бейнеленген оюда да терең па­йым бар. Айталық, қыздың қолындағы білезікте бедерленген өрнегіне қарап, оған құда түскен-түспегенін аңғарған. Жас келіншек тұрмыс құрғаннан кейінгі өмірін ою-өрнекпен бейнелеп жеткізген. «Құсмұрын» бейнесі жіберілсе, құстай ерікті екенін ұғынады. Бойы ұзын, талдырмаш адам бейнеленсе, дөп-дөңгелек адамның жанындағы оның бейнесінен жағдайының мүшкіл екенін сөзсіз-ақ білген екен.
Түйін
Көненің көзіндей болған қазақы нақыштағы ою-өрнек ұлттық құндылықтан сыр шертеді. Белгілі өнертанушы ғалым В.Чепелелев «Қазақтар тек ою-өрнек әлемінде өмір сүретін сияқты», дегендей қазақы ою күні бүгінге дейін жалғасын тауып келеді. Тіпті қазақы нақыштағы киім мен бұйым бүгінде сәнде. Бұл қуантарлық іс. Дей тұра ою-өрнектің өзіне тән белгісін біліп жүрген әрдайым артық болмас. 

Ақнұр САҒЫНТАЙ
24 шілде 2019 ж. 3 651 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 099

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031