КӘРІБАЙ ҰСТА

Қазақстан халқының көне заманнан бергі кәсіпшілігінің бірі – қолөнер. Халық қолөнер шеберлері әсемдік бұйымның жасалу тәсілі мен ерекшелігіне көп көңіл бөлген. Қазақ халқында «Шебердің қолы – ортақ» деген әңгіме жиі айтылады. Қолөнердің көрнекті өкілінің бірі – Кенжебай баласы Кәрібай. Кәрібай 1906 жылы бұрынғы «Оян» ұжшары, қазіргі Ақжар ауылының маңындағы Жуантөбе деген жерде дүниеге келген. Керейт руының Аңдағұл аталығынан шыққан. Отбасының ауыр жағдайын жасынан тартқан. Тағдыр тауқыметіне ұшыраған әкесі Кенжебай 2 жасында қорасан ауруымен ауырып, екі көзінен су қараңғы соқыр болған. Бұл аурудың қорасан аталуы сол ауруды анықтап, емдеген Қорасан әулиенің атына байланысты айтылса керек. (Қорасан ата қазіргі Жаңақорған ауданы жерінде өмір сүрген). Отбасында жұмысқа жарамды адам үйдің үлкені Алмаш еді. Жасынан қолының ебі бар Алмаш ұсталық өнерді өз руынан шыққан Тағай, Шағай есімді айтулы шеберлерден үйренген. «Ұстаз – шәкіртсіз болмайды» демекші, өз бойындағы өнерді Алмаш інісі Кәрібайға үйретуден жалықпаған. Үнемі ағасының жанынан қалмай жүріп Кәрібай ұсталық өнерді толық меңгерген. Ағасы Алмаш екеуі бірігіп, дүкен ұстаған. Шұбардың (Қарақұм) жерінен сексеуілді шала өртеп, көмірді түйеге артып әкеліп, сол көмірді қыстай пайдаланған. Баласы Жаңабайдың айтуынша, бірде әкесі Кәрібай ағасы Алмашпен көмір алып келуге Шұбардың жеріне барады. Ағам Алмаштың ептеп аң ататыны бар еді.

Жұмысқа беріліп кеткені сонша, кештің қалай батқанын байқамайды. "Кәрібай, сен отынды жағып, жатар орынды ыңғайлай бер.  Мен кездесіп жатса кешкі асқа бірдеңе атып алып келе қояйын" деп ағасы кетіп қалды. Отты жағып, жатар орынды реттемек болып құмды жаза бастады. Сол кезде кетпенім қатты бір нәрсеге тигендей болды. Кетпенді тастай сала қолымды салып топырақты уыс­тай ала бергенімде қолыма жарқыраған бір нәрсе ілікті. Не нәрсе екенін білмек болып, қолымды қайта салып ұстап едім, уысымнан сынап тәрізді сусып, түсіп кетті. Тағы ұмтылып қаттырақ ұстап едім, қолымнан сусыған күйі жерге сіңіп жоқ болды. Бұл көргенімді ағам Алмашқа айтқанымда:
– Ойпырмай, бекерлі іс болған екен, сенің кездескенің көшпелі алтын еді, сен оны байқамай, мол қазынадан айырылыпсың. Қолыңды қанатып, қанын шашқаныңда алтын ұйып қалатын еді. Сен оны білмепсің, енді өкінгенмен болмайды, - деп мені жұбатты. Сол өкініш ойымнан кетпейді дейтін әкем. Қазіргі сендердің тағып жүрген сырға, білезіктерің таза алтын емес, бұлар алтын жалатылған дүниелер. Таза алтынды жәй ағаш көмірмен еріту мүмкін емес, ол үшін алтынды егеумен құм тәрізді етіп, әбден ұнтақтап егейсің. Сонда ғана алтын ериді. Еріген алтынды патша заманында болатын бір сомдық таза күміске қыздырып құйсаң, күміс сап-сары алтынның түсін береді. Міне, алтын жалатылған дегеніміз осы. Еріген алтынды кез келген темірге жақындатсаң соның соңынан еріп, ағып отырады. Бұл алтынның ғана бойында болатын ерекше қасиет дейтін әкем, – дейді баласы Жаңабай.
– Көзі тірісінде әкем айтқан әңгімелерді жүре тыңдаппын. Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған кезінде сізге келіп кім алтын, күміс, тұрмыстық бұйым соқтырады. Барлығы дүкенде тұр. Орақ керек пе, балта керек пе дейтінмін.
– Жоқ шырағым, олай деме, ол дүние мен бұл заттардың айырмашылығы бар, ол суы қанбаған, қалыпқа басып, істелген зат. Оның жүзі тез қайтады. Темірдің де кәдімгі қамыр тәрізді иі мен суы қануы керек, – дейтін. Ол кісі темірдің ерекше қасиетін байқаған және толық меңгерген екен.
Қазақ халқының ежелден келе жатқан ырым, салтын қатты сақтаған қолөнер шебері бөгде кісінің көзінше іс соқпаған. Қолыма кісінің көзі өтеді немесе іс дұрыс шықпайды деп болжаған. Кәрібайда бұл дәстүрді ұстанған. Жалағаш ауданының «Жаңаталап» ұжым­шарынан Жұман есімді кісі кетпен соқтыруға келеді. Шаруасын айтып болған Жұманға Кәрібай: "Келген шаруаң дұрыс, іс соғатыным да рас, бірақ менің Бәлібай деген бастығым бар, сол кісі рұқсат етпесе саған кетпен соға алмаймын" дейді. Бәлібайдың үйіне барған Жұман келген шаруасын айтады. Бәлібай менің құрдасым, ойнап айтқан ғой, мен рұқсат бермей-ақ соға береді десе, Жұман аға: «Барғыңыз келмесе бір парақ қағаз жазып беріңіз» деп болмайды.
– Ойбай, шырағым, болмайды ғой, астыңда көлігің болса мені алып бар, – дейді. Бәлібайды көлігіне мінгізіп алып келген Жұманға Кәрібай: – Кетпенің міне, шырағым, құрдасымды көптен көрмеп едім алып келгеніңе рақмет, – депті.
– Ел ішінде Кәрібайдың шеберлігімен бірге әзіл әңгімелері де көп айтылады. Ақжар халқы Кәрекеңнің игі істерін аңыз қылып айтып жүреді. Ол кісінің соққан заттары ел ішінде әлі күнге сақтаулы. Халық нақылында айтылатын: «Ғылымның хаты өлмейді, жақсының аты өшпейді» деген сөз бекер емес қой.
Әбибулла ОМАРОВ
24 шілде 2019 ж. 765 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 097

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031