» » » ЫРЫМДАР ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

ЫРЫМДАР ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Бала күннен «нанның қиқымын жесең бай боласың» дегенді естіп өстік. Сірә, бұл бізді бала күнімізден ысырапшылдыққа бейім болмауымызға үйретсе керек. Иә, бұл қарапайым ғана бір мысал. Мұндай ырым-тыйым бізде жетерлік. Ырымның жаманы болмайды. Ырымдай алмайтын адам болады. Жақсы ниеттен туған әрбір іс жақсы амалға бастайтыны белгілі.
Қазақ – ырым-тыйым сөз арқылы ұрпақ тәрбиелеп, ата салтын жаңғыртып отырған халық. Әрине, бұл халықтың өмірінде, салт-санасында, әдет-ғұрпында, тұрмыс-тіршілігінде кеңінен көрініс тапқаны белгілі. Ырым-тыйым арқылы бала тәрбиелеу, жат әдеттерден тыю, туындауы мүмкін қауіп-қатерді ескерту – ұлтымыздың рухани кеңістігінде әлі күнге дейін сақталып келеді. 
Белгілі этнограф Досымбек Қатранның айтуынша, тыйым деген – белгілі  бір жағдайда ғана жасалуы тиісті әрекет, әдет. Күнделікті тұрмыста, жайшылық кезде атқаруға тыйым салынатын дүние.  «Мәселен, күнделікті өмірде сол қолмен құман ұстауға тыйым салынады. Яғни, кей жағдайда сол қолмен су құюға болады. Мәйіт арулағанда  сол қолмен су құяды, жуады. Ал күнделікті тіршілікте оң қолмен ұстау керек», – дейді этнограф.
Бүгінгі қоғамда ырым-тыйымға келгенде пікір екіге жарылады. Бірі – мұны ескіліктің қалдығы санайды, ал енді бірі – күнделікті тұрмыста қолданады.
Ал енді ырымдарға кеңірек тоқталайықшы. Жүкті анаға ырымдап, түйенің шұбатын ішкізбей, етін жегізбейді. Себебі жүктілік уақыты ұзарып кетеді деп болжаған. Бұл ырымды түйе ботасын 13-14 ай көтеретінімен байланыстырады. Жүкті әйелдің 9 ай уақыты өтіп, босанбаса «Түйе етін жеген бе?» деп сұрауы да осыдан қалса керек.
Түйенің үстінен аттату немесе түйе жүнін тұтатып аттату – егер жүкті ананың босанатын мерзімі ұзарып кетсе немесе байқаусызда түйе сүті мен тағамын жеді деп есептелсе түйеден үш рет аттататын немесе түйенің астынан өткізетін болған. Кейде бураның бас сүйегін төрге іліп те қояды.
Ал қазір қалалық жерде түйе болмаған соң оның жүнін тұтатып, содан аттатады немесе суретін сызып, содан аттатады. Бір қызығы, сол ырымды орындаған кезден кейін-ақ толғақ басталады екен. Осыдан кейін ырымға сенбей көріңіз!
Құрсақтағы сәбиді ата-бабаымыз «Көрпе, көрпеш» деп атаған. Көне түркі жазбасында бұл сөз – балғын, жаңа деген мағына берген. Егер қандай да бір себеппен «Көрпешті» өлтірген жағдайда қандықолмен қоса 10 адам өлім жазасына кесілген. Себебі іштегі сәбидің – Көрпенің дәрежесі періштемен тең саналып, дала заңы бойынша оның құны 10 адамға тең деп белгіленген.
Міне, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының әлі толық айтылмай келе жатқан ақиқаты осы. Қозы – Көрпештің әкесі, ал Баян – анасы. Көрпешті өлтіргенін білген Қодардың өзін-өзі өлтіруі – үлкен трагедияның басы ғана болатын. Ал қазір ше? Сол періште жанды анасының жатырында-ақ гүлдейсолдырып жатқан жоқ па?
Ал біздің жергілікті жерде үйдің сыртына тұз іліп қояды. Мұны тіл, мен сұқ көзден сақтану деп ырымдайды.
–       Тұз өзіне жағымсыз энергияны тартып алады. Мәселен балаға тіл-көз тисе есіктің тұтқасын тұзды сумен сүртіп, баланың бетін, екі алақанын, екі табанын жуса тәуір болып кетеді. Ал үй іші араздасып немесе үйдің берекесі кетіп жатса, үйді тұзбен тазартқан.  Сол себепті тұз үйдегі негативке, яғни жағымсыз энергияға тосқауыл қою үшін ілінеді, – дейді ырымшыл тұрғыны Ермек Ахметов.
Әлем елдерінің ең қызықты ырымы
Германияда кім де кім су толтырылған бокалды денсаулық үшін көтерсе, ол қасындағының барлығына өлім тілейді деген мағына береді.  Ал Францияда егер кімде-кім иттің нәжісін сол аяғымен басып кетсе, ырыс-құты артады. Егер оң аяқпен басып кетсе, бұл жамандықтың бас­тауы деп топшылайды. Испанияда түн ортасы болған кезде, тұп-тура 12 түйір жүзім жеу керек деген ырым бар.  Сонда алдағы он екі ай бойы ырзық-несібеге кенеліп, өмір сүруге болады деген түсінік қалыптасқан. Бұл ерте кездегі он екі түйір жүзім жын-періденқорғайды деген аңыздан туса керек. Түркияда кешкі астан кейін сағыз шайнаған адамды көрсе, әбден жекуі мүмкін. Түріктер түн ішінде сағыз шайнаған адамды өлген адамдардың  денесін шайнағанмен бірдей көреді.
ТҮЙІН
Иә, қазақ ырымшыл халық. Оны қазіргі кезде жаңа туған балаға сирек қойылатын мына есімнен де білуге болады.  Рымбек, Рымғали, Рымкеш, Рымкүл, Рымшаш секілді есімнің түп төркіні «ырым» сөзінен шығып тұр. «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген. Жақсылыққа бастайтын ырымға сенгеннен ешкім ұтыла қоймас, сірә.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
23 шілде 2019 ж. 1 805 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 098

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031