» » » ​ІЗТЕЛЕУ МҮСІРБАЕВ КІМ БОЛҒАН?

​ІЗТЕЛЕУ МҮСІРБАЕВ КІМ БОЛҒАН?

Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді. Адам өмірден өтсе де артында із қалады. Әріптесіміз, ақжардың тумасы,  ақын, бірнеше жыр жинақтарының авторы Қуан Байғожаевтың есімі ұмытылған жоқ. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, отставкадағы полиция подполковнигі, ішкі істер саласының ардагері – елдің мұңы мен тыныс-тіршілігін қаузап,  аңыз адамдар мен еңбек майталмандарын қаламға арқау етті.  Көзі тірісінде көп дүние жазды. Хат қоржынында газетке жарияланбаған бірнеше мақалалары  да бар екен. Солардың бірін бүгін жариялауды жөн көрдік.

Жастар сауатты ғой. Жол түсіп темір жолдың арғы бетінде тұратын ағайынымның үйіне бару үшін көшеден такси тоқтаттым. Амандықтан соң «Мүсірбаев көшесіне апарарсың» дедім жүргізуші балаға теңгемді ұсынып жатып. – Білемін аға, автобазадан бастап Аэропортқа дейінгі үлкен көше ғой, – деп әлгі бала өзін-өзі мақұлдап алды. Жолай Мүсірбаев деген кісі кім болған? – деп сұрадым баланы сөзге тартып. – Білмедім аға. Осындай аты бар да, кім екені түсініксіз көшелер толып кетті ғой, осы көшені кімнен сұрасаңыз да біле қоймас, – деп жауап берді ол. Шынымен солай болғаны ма? Шаруамды бітіргесін қайтар жолда тағы бір жігіт ағасының көлігіне отырдым. Тағы да сол Мүсірбаев жайлы сұрағыма мардымсыз жауап алдым. Сонда ол кісінің есімін кім ұсынды, оның атын насихаттау жұмыстары жүргізілмеген бе, деген заңды сұрақтар көкейден кетпей қойды. Көше басына тақта орнатып, атқарған еңбектерін халыққа насихаттамақ түгілі үй қабырғаларына ілінген белгілер де некен-саяқ көрінеді. Кейбіреулер ырымын жасап әкпен жазып қойыпты. Үйге келгесін білгенімді қағазға түсіруді жөн көрдім.
Ізтелеу Ізейұлы Мүсірбаев 1872 жылы Қашқансуда (қазіргі ІІІ Интернационал колхозы) кедей-шаруаның отбасынды дүниеге келген. Руы кіші жүз, Бозғұл аталығынан тарайды. Кішкентайынан зерек болып өскен Ізтелеу ауыл молдасынан араб, парсы тілдерінде сауат ашып, кейіннен Түркістан қаласындағы медресседе оқуын жалғастырады. Сонда жүріп пысықтығының арқасында би-болыстарға шабарман, тілмаш болып жұмыс істейді. Кейіннен кирилл әріптерін де үйреніп алады. Ауыл балаларының басын құрап сауат ашу жұмыстарын жүргізе отырып, уез басшылығында тілмаштық іспен айналысқан Ізтелеудің тағдыры 1916-1917 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне ұласады. Большевик ретінде бай-манаптармен кескілескен ұрыс жүргізе бастаған жылы жергілікті керей Боранбай деген кісінің Балымкүл атты қызына үйленеді. Осылайша ол 1918 жылы коммунистік партияның қатарына қабылданып, партияның берген тапсырмаларын мүлтіксіз орындаумен көзге түседі. Еткен еңбегінің арқасында 1921 жылы Ізтелеу Мүсірбаев Семей ауданында аудан болысы, яғни атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. Бұл жайлы құжаттар кейіннен Мәскеу орталық архивінен табылыпты. 1923 жылы Ізтелеу Мүсірбаев Қармақшы аудандық Союз қосшысының төрағасы болған. 1927 жылы Қазалыда өткен Кеңестердің уездік Ү11-съезіне делегат болып сайланып, сөз сөйлеген. 1927 жылы сол Қазалыда өткен 11-съезге қатысып, бай-манаптардың заттарын тәркілеу жайлы уәкіл ретінде мандат алып келеді. Осындай қиын-қыстау кезеңдерде ел ағалары Ү.Томанов, Ғ. Баймұратов, Е.Ибрагимов, Н.Сарсенбаев тағы басқалармен етене араласа жұмыс істеген. 1928 жылы Қармақшы ауданына қарасты Арал, Қазалы, Қармақшы бай-манаптарының малдарын тәркілеуге оншақты уәкіл шығады. Қарақұмның қиян даласында екі жақ болып атысып, адам шығындары болады. Ал, жеңіске жеткен байлар Ізекеңді бір ай бойы қамауда ұстаған. Қапаста қиналып жатқанда бір таныс малшы кездесіп қалып, аудан басшыларына хабар салғызады. Жансыздың жолға шыққанын білген байлар бірнеше атпен қуғын жасайды. Байдың бағулы арғымағын пайдаланған малшының арқасында Мүсірбаевты қуғыншы әскерлер құтқарып алады. Кейіннен ел арасы тынышталған 1931 жылы Қашқансу ауылдық кеңесінде төраға, 1932-40 жылдары Жданов, Амангелді, ІІІ Интернационал, Утренная заря колхоздарында ауылдық кеңесті басқарған және өзіндегі бар малын бас болып колхозға өткізген де осы Ізтелеу болады. ІІІ Интернационал колхозының ауылсоветі кезінді колхоздың төрағалығына Цай Ден Хакты ұсынған да осы Ізекең екен. 1945-1948 жылдары ауыл кооперативі есебінен өз үйінен дүкен ашып, кейіннен науқастығына байланысты қызы Әминаға тапсырған. Әмина қазір Шиелі ауданында тұрады, тыл ардагері, батыр ана.
– Ізтелеу Мүсірбаев менің әкем Сағындық Мүсірбаевтың туған ағасы. 1872 жылы дүниеге келген. Әкемнен небары үш-ақ жас үлкен еді. Мен тоғызыншы класс оқып жүргенімді 1954 жылы қайтыс болды. Өз замандастарынан, құрбыларынан озық туған аса ақылды, парасатты, сауатты, білімді кісі еді. Жасы келуіне әрі науқастануына байланысты ауылдық кеңестің төрағасы қызметінен зейнетке шықты. 1818 жылдан Қазақстан (большевиктер) Комунистік партиясының мүшесі. Қармақшы ауданында Кеңес өкіметін өз қолымен орнатқан белгілі қайраткерлердің бірі. Жаңа өкіметтің барлық қиыншылығын өз мойнымен көтеріп, оның қалыптасуы үшін жан аямай қызмет еткен. Айтушылардың сөзіне қарағанда, бірқатар жылдар Қармақшы аудандық атқару комитетінің төрағасы қызметін да атқарған. Өз заманында барлық өкімет кеңестердің билігінде болатын. «Союз қосшы» деген сияқты сол кездегі атаулар да өзгешелеу. Ізтелеу әкеміздің дарындылығының, ұйымдастырушылық қабілеті мықтылығының бір белгісі – Қызылорда Қазақстанның астанасы болып тұрған кезеңде – Қазақстан Комиссарлар кеңесі Атқару комитетінің төрағалығына ұсынылған. Алайда ол кісі заманның сыңайына қарап, қауіптенген, әр түрлі сылтаулар айтып бас тартқан. Осы себепті хат танымайтын Елтай Ерназаров сол орынға төраға болып кеткен. Ізтелеу әкеміздің қауіп ететіндей бар еді, 1937 жылы еліміздің іске татыр қаймақтары репрессияға ұшырады. Ізтелеу әкеміздің туған інісі Алмас Мүсірбаевты да қоғам, мемлекет қайраткері ретінде тәрбиелей алды. Алмас Шымкент облысының Түлкібас ауданында, Семей облысының Абай ауданында аудандық партия комитетінің секретары, Шығыс Қазақстан облысында облыстық партия комитетінің секретары болып қызмет істеген. Науқастануына байланысты өмірінің соңғы жылдары Қармақшы ауданында аудандық партия комитетінің секретары болған. Көкірек ауруынан 1942 жылы қайтыс болды. Ізтелеу әкеміздің іскерлігі туралы замандастарының пікірі аса жоғары еді. Ізтелеу  Мүсірбаев – елінің елеулі азаматтарының бірі екенінде дау жоқ. Революционер, қоғам, мемлекет қайраткері болған деді, – бізбен хабарласқан інісі филология ғылымдарының докторы,профессор Берікбай Сағындықов.
Мүсірбаевтың өз кіндігінен Сәуле, Әмина, Кеніш, Жамал деген қыздары мен Бостан деген ұл өрбіген. Ұлы Бостан 1942 жылы майданға аттанып, 1944 жылы 7 наурызда ауыр жарақаттан мәңгілікке майдан даласында қалыпты. Қыздарының көзі тірісі Әмина Семейде, Кеніш Жалағаш ауданында тұрса, кенжесі Жамал ауданымыздың белгілі азаматы Тажімұрат Сәріковтың құдай қосқан қосағы. Ал, академик Берікбай Сағындықов болса немере інісі болып келеді. Ізекеңнің Жданов колхозының экономикасын көтеруде еткен еңбегін ауыл азаматтары Кәри, әулие Садық, Жорықбай, Керше Ерман, Аралбай Досбол, Өтемахан, Алмауыт, Алмат, Мұнарбай, Нұртаза, Ержан, Садық Әбдірей, Батыр Әбдірей, Ақмахан, Байшора, Бобан ақсақалдар кезінде жақсы лебіздерімен еске алған.
1977 жылы Қармақшы ауданының бірінші хатшысы Елеу Көшербаев І.Мүсірбаевтың архивтегі құжаттарымен танысады . Сөйтіп ономастикалық комиссияға көше беру жайлы ұсыныс түсіреді. Айта кететін жайт бұл кісінің соңынан іздеу салып көше сұрайтындай жан болмаған. Алайда басшылар ауысуына байланысты ұсыныс қараусыз қалып, тек 1990 жылы ғана аудан әкімі Ж.Бодықбаевтың кезінде аудан орталығынан бір көше атын бекітеді. Көзі ашық, көкірегі ояу Ізтелеу Ізейұлы Мүсірбаев осындай жан болған.
Қуан БАЙҚОЖАЕВ.
28 маусым 2019 ж. 858 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 085

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031