» » » ШАБЫТҚА ТОЛЫ ШАРА

ШАБЫТҚА ТОЛЫ ШАРА

Адамзат руханиятында мәдениеттің орны зор. Ол жас буын өкілін туған жерін сүюге, Отанына қызмет етуге, адалдыққа тәрбиелейді. Бұл тұрғыда ауданда көптеген шара өтуде. Соның бірі – Қармақшы ауылдық модельдік кітапханасының кітапханашысы Г.Бадырақтың ұйымдастыруымен өткен «Жас ақындар – руханияттың діңгегі» әдеби-сазды кеші.
Шара орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің «COWORKING» орталығында өт­ті. Басты мақсат – қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетіне, әдебиетіне шолу жасай отырып, жұртшылыққа жас ақындар шығармашылығын таныстыру.
Кешті ауыл әкімі Әлімбай Білжанов ашып, оның маңызына тоқталды. Мәдени шарада Орынбек Құндыбеков жергілікті ақын О.Өткелбайдың «Киелі мекен – Қармақшым» атты әні орындалса, талабы тау­дай жас өрендер Дана Мұратқызы, Аружан Сақтағанова, Толғанай Бекболатқызы, Ақгүл Амановалар өз өлеңдерін оқырман қауымға оқып берді.
Кеште ауылдық клубтың қызметкерлері, өнерлі отбасы – Смайловтар ән-жырдан ша­шу шашты. Кеш соңында ақын Ордабек Өткелбай жас өрендерге тілегін айтып, жүрекжарды лебізін жеткізді. Сонымен қатар ақынның «Жеңгелеріме» атты әнінің тұсауы кесілді.
Шара соңында аудандық орталық­тандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Күлшара Қаниева қатысушыларды алғыс хатпен марапаттады.
Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА,
«Қармақшы таңы».
06 маусым 2019 ж. 1 034 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10402)

10 мамыр 2025 ж.

№33 (10401)

06 мамыр 2025 ж.

№32 (10400)

03 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 742
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031