» » » ЖАМПОЗДАР ЖИЫНЫ

ЖАМПОЗДАР ЖИЫНЫ

Жақында аудандық орталық кітапханада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Ұлы Дала жауһарлары» тақырыбында әдеби кеш өтті. Оған орталық кітапхана жанынан ашылған Т.Ізтілеуов атындағы бірлестік мүшелері қатысты.
Кеште жергілікті ақын-жазушылар Үрліхан Өндібаева, Достық Тілеубергенов, Ордабек Өткелбай, Мәскеубек Ерболатовтар өз туындыларын оқып, жас ұрпаққа өнегелі әңгіме өрбітті. Сондай-ақ, тұрмағамбеттік термеші Шұғыла Мархабатова Ү.Өндібаеваның сөзіне жазылған «Қорқыт дала жыраулары» атты термесін орындаса, өзге де өнерпаздар жергілікті ақын-жазушылардың шығармасынан үзінділер оқып, айтулы кешті әнмен әрледі.

 – Ауданда «Рухани қазына» жобасы жүйелі жүзеге асуда. Бүгінде 200-ге жуық жергілікті ақын-жазушының тізімі алынып, олар жөнінде қажетті деректер жинақталды. Мұндай шаралар келешекте де өз жалғасын табады, – деді  аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Күлшара Қаниева.

Кеште жас ұрпақ өкіліне кітапхана атынан сый-сияпат тапсырылды.

С.КЕНЖЕҒАРА.     
04 қаңтар 2019 ж. 1 360 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 014
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 242

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031