» » » ЖЫРАУ МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

ЖЫРАУ МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

ДҮР ОҢҒАР АУЫЛДЫҚ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН АУДАНДЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ «COWORKING» ОРТАЛЫҒЫНДА «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ТҰҒЫРНАМАСЫ МЕН «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» АТТЫ МАҚАЛАСЫНА ОРАЙ ЖӘНЕ СЫР СҮЛЕЙІ ДҮР ОҢҒАР ДЫРҚАЙҰЛЫНЫҢ 160 ЖЫЛДЫҒЫНА «ЖЫР ДҮЛДҮЛІ – ДҮР ОҢҒАР» АТТЫ ЖЫР КЕРУЕНІ ӨТТІ.
Жиында №107 орта мектептің шә­кірттері жырдан ша­шу шашып, оның өмір жолы мен шы­ғармашылығына тоқталып, на­қыл сөздерін оқыды. Шарада сөз алған Жаңажол ауылдық округ әкімі Әбимүсілім Қоқанов Оңғар жыраудың мол мұрасының тәрбиелік мәнін тілге тиек етті.
– Оңғар Дырқайұлы – өз заманы­ның ақиқат шындығын айта алуымен бірге, шыншылдықтың ғана емес, сыншылдықтың да биік өресінен көрінген тұлға. Жыраулық өнер – біздің ұлттық мәдениетіміздің алтын діңгегі саналады. Жыраудың ұлт­тық өнерін насихаттап жүрген ауылдың жас өнерпаздарына ри­за­шылығымды білдіремін, – деді ауыл әкімі.
Кеш соңында қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс­талды.
Ақнұр ЕРДҮЙСЕНҚЫЗЫ,
«Қармақшы таңы».
28 мамыр 2019 ж. 1 827 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 897
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 552

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930