» » » Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде «Музейге сый» акциясы өтеді

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде «Музейге сый» акциясы өтеді

 25 сәуірде Түркістан қаласында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Музейге сый» акциясы өтеді. Бүгінде аталған музейдің қорында 24 420 дана көне жәдігер мемлекеттік тіркеуге алынған.


Халық арасында сақталған құнды қолжазбалар мен көне баспалар және қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан зергерлік әшекейлер, тұрмыстық бұйымдар қай заманда болмасын өз маңызын жоғалтпайды. Осы күнге дейін сақталып келген тарихи жәдігерлер кейінгі ұрпақ үшін аса бағалы мұра болып қалмақ. 

Технология қарыштап дамыған заманда көне заттардың күнделікті тұрмысқа қажетсіз болып қалып жатады. Алайда, сол заттардың халқымыздың өткен уақыттағы өмірі мен тарихын зерттеуде, болашақ ұрпақтың өз тарихы мен болмысын тануда үлкен маңызы бар. Музей үшін осы заттар халық жадын жандандыруға қызмет ететін, мамандардың зерттеулеріне арқау болатын, ондаған, жүздеген жылдардан кейін де болашақ ұрпақ таңдана тамашалайтын құнды дүниеге айналады. 

«Музейге сый» акциясы «Әзірет Сұлтан» қорық музейінде жыл сайын өткізіліп келе жатқан ауқымды іс-шаралардың бірі. Аталған шараға Қазақстаннан ғана емес, көршілес мемлекеттерден және Түркия Республикасынан да атсалысып жүрген азаматтар бар. Солардың бірі, құнды жәдігерлерін музейге сыйға тартып жүрген Исметулла Ясауи мырза. Бұдан бөлек, қазақстандық Ұлы Отан соғысы ардагері, ұлағатты ұстаз Адасқан Алтаев, Қазақ ССР халық суретшісі Сахи Романов, Ахмадулла Исаев, Аман Абдуллаев музей қорына сирек кездесетін дүниелерін сыйға тапсырған.

«1978 жылы музей ашылар кезде Мемлекет және қоғам қайраткері, сол кездегі Мәдениет министрінің орынбасары Өзбекәлі Жәнібековтің бастамасымен жергілікті партия комитеті арқылы халықтың қолында сақталған құнды дүниелер музейге сый ретінде тапсырылған. Бұл үрдіс осы күнге дейін жалғасын тауып келеді. Кейбір азаматтар өздері келіп, үйде сандықтың түбінде шірігенше осында келушілерге қызмет етсін деп өткізетін кездері болады. Алайда, соңғы уақытта көбіне сатуға да алып келіп жатыр. Осыған орай, біз «Музейге сый» акциясын ұйымдастырып отырмыз. Қазіргі кезде Қор сақтау және есепке алу бөлімінің қорында 24 420 дана көне жәдігер мемлекеттік тіркеуге алынған, оның 13 618 данасы негізгі қор, 10 802 данасы ғылыми көмекші қор есебінде», - деді «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов. 

Айта кетейік, бүгінде музейге сыйға берілген жәдігерлер саны 1205 дана, 475 данасы ғылыми көмекші қор есебінде тұр. 

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұлттық құндылықтар мен тарихи мұраларымызды кеңінен насихаттауға арналған тың жобалар ұсынғаны белгілі. Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді. Оның ең негізгісі ұлттың терең тарихынан бастау алатын, мәдени-рухани ұстынды сақтап қалу, оны өскелең ұрпаққа жеткізу. Ал бұл өз кезегінде музей қызметкерлерінің тікелей міндетіне жатады. 

BAQ.KZ


24 сәуір 2019 ж. 1 376 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 053

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031