» » » АНАНЫ БАЛАДАН, БАЛАНЫ АНАДАН АЙЫРМАСЫН

АНАНЫ БАЛАДАН, БАЛАНЫ АНАДАН АЙЫРМАСЫН


Ертең жұмыс. Декреттік демалысымның соңғы күні бүгін. Осынау ұзақ демалыс не үшін берілді маған. Әрине, ана бақытын, әйел бақытын сезіну үшін. Қаламнан қол үзіп қалғаныммен дүниеге сәби әкеліп, шексіз қуанышқа кенелдім. Бар махаббатым мен сезімімді, ыстық ықыласымды балапандарыма арнадым. Ата-анам (ата-енем) мен жолдасымның ас ауқатын әзірлеп, келген қонаққа төрден дастархан жайып келіндік міндетімнің бір бөлігін көрсеттім. Шаңырағымызды шаттықпен нұрландырған бөбектеріміздің күн сайын шығарған тәтті қылықтары мен былдыр тілдері жүрегіңді елжіретіп ақ жібереді. Неткен ғажап.
Жұмысқа шығамын дегеннен мен үйдегі жандарды, олар мені қимайды. Құдды басқа жерге қызметке кетіп бара жатқандай.  Осыдан кейін әр ананың ең жайлы, ең жылы орны - отбасы, ошақ қасы екенін қалай жасырасың. Еріңнің тапқан нәпақасын қанағат етіп, үйде отыруға да болады. Бірақ, қазіргі заман дейміз бе, тұрмыс, бір адамның жалақысына телміріп отырғанды көтермейді. Балалардың болашағы үшін тіпті бірнеше жұмыс жасауға тура келеді.
 Соңғы уақытта жан түршігерлік жайттар да көбейіп кетті. Бір ғана өзіміз тұратын кенттің өзінде күнде бір келеңсіз жағдайды естіп, жаныңды шүберекке түйесің. Балалардың қауіпсіздігін ойлайсың.
Әжелері ас, сусыз қоймайтынына, қасында балаларымның алаңсыз ойнайтына сенсем де, аналық алаңдаушылық сезім барын жасырмаймын.
Осыдан 6 жыл бұрын. Редакцияда тұрмысқа шықпаған қыз мен, үйленбеген жігіт Тұрар Бекмырзаев болатын. Кім екені есімде жоқ біреу кәмпит пен барлығымызға жететін балмұздақ әкелді. Жан-жағыма қарасам Тұрар екеумізден басқа ешкім кәмпитті де, балмұздақты да жемеген. Барлығы балаларына апарып бермекші екен. Сол кезде ойланып қалғаным бар еді. Қазір балаларсыз тамағымыздан ас өтпейді.  Ата-ананың қадірін балалы болғанда біледі екенбіз.
Бесік тербетіп отырмын. Тырс-тырс. Далада жаңбыр. Бірнеше сағаттан бері тоқтамастан жауып тұр. Терезені ұрған тырсылы тыныштық берер емес. Нұр жауып тұрған көктемде ананы баладан, баланы анадан айырмасыншы деп тілек тіледім.
Ұзақ үзілісте қалам тербетер қыздарын іздеген оқырмандарым, қысқасы мен жазуды да, сіздерді де сағынып қалыппын.
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА.

01 сәуір 2019 ж. 2 079 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 069

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031