» » » УАҒЫЗДЫ КІМДЕР АЙТАДЫ?

УАҒЫЗДЫ КІМДЕР АЙТАДЫ?

Қазір түгенше ұстаз, пәленше пір деген көбейді. Ауыз­ашарда, Құран оқытқанда кейде кім болса сол уағыз айтып, жұртты өзіне қаратып отырғаны. Оның арасында тақия киген спортшы да, есепші де жүр. Сөз – қуатты құрал. Нәзік дүние. Оған абай болмаса, ауыз күйеді. Бүгінде әлеуметтік желіде де уағыз үзіндісінен аяқ алып жүре алмаймыз. Жалпы уағызды кімдер айтады? Оның маңыздылығы неде? Қазақта бірқатар «айту» бар. Мысалы, ақыл айту, өсиет айту. Уағыз бен «айту»-дың қандай ерекшелігі бар? Уағыз дегеніміз не? Күнделікті тыңдап жүргеніміз уағыз ба? 


Дінге сүйенсек, уағыз адамды иман мен адами қасиетке үндейді. Діннің басты мақсаты да осы. Ол екі мағынада айтылады. Біріншісі, араб тілінде «әмір мағруф» – жақсылыққа бұйыру, яғни ізгілікке шақыру болса, екіншісі, «нәхи мункар» – жамандықтан қайыру немесе одан тыю. Уағыз осы екі бағытта жүреді.
– Әр мағруфтың өзіндік ерекшелігі бар. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бірінші бағытын хош көрген және өсиет еткен. Жақсылыққа шақыру, жамандықтан жирену – барша адамға міндет. Әркім өзінің отбасын, досын, құрдасын, сондай-ақ, айналасын адамгершілікке үндеуге хақысы бар, – дейді ауданның бас имамы Жақсыбек қажы Әбиұлы.      
Адамды жақсылыққа шақырамын деп, оны жамандыққа ұрындырып алмау да керек. Бұл жөнінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кім мен айтпаған сөзді айтты десе, ол өзіне тозақтан орын дайындай берсін» деген. Бұл бір нәрсенің дұрыстығына көзің жетіп тұрғанда ғана айту керегін меңзейді. Онда да өзің міндетті болған адамдарға: отбасы, бала-шаға мен бауырға. «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» деп Һакім Абай айтқандай, өнегелі әңгімені даналықпен, көркем түрде жеткізе білгенге, айып жоқ. Ал, егер де адамды адастырып, сыңаржақ пікірде болса, онда оған тыйым салынады.
– Уағыз – арабша хұтпа деп те аталады. Қазақта «Басқа пәле – тілден» деген қанатты сөз бар. Уағыз кез келгеннің оң жамбасына түсе беретін оңай шаруа емес. Сөз ауыздан шыққанша – ол сенің тұтқының, аузыңнан шыққан соң – сен оның тұтқынысың. Жүйесіз, орынсыз айтылған сөз болса, әрине. Сондықтан көпшілікте уағыз айтамын деп, бүлдіріп алудан сақтанған жөн. Өйткені, отыз тістен шыққан сөз – отыз рулы елге тарайды емес пе? Уағызды – арнайы оқу орнын бітірген, қажетті шарттар мен әдептерді жетік меңгерген адам айтады. Мұндай адамға «Имам хатиб» мамандығы беріледі, – дейді ауданымыздың бас имамы.  
Жалпы имам хатибтар бүгінде еліміздегі «Нұр Мүбарак» университетінде дайындалады. Онда уағыз айтудың қыры мен сыры оқытылады. 
Уағыз айту – адамның деңгейіне де байланысты-мыс. Өйткені, орта әртүрлі. Бір орта – дінге ықыласты болса, енді бір ортаның – діннен хабары аз. Сондықтан  уағызшы да ортаны алдын ала саралап, айтар сөзін иненің жасуынан өткізгендей етеді. Мамандардың айтуынша, жалпы мешіт жамағатына ұсынатын уағыз бен шариғат үкіміне әлі бой ұсына қоймаған, діни сауаты әлсіз халыққа айтылатын уағыз арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Уағыз айту мәселесінде еліміздегі дін өкілдері де босқа қарап отырған жоқ. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Бас Муфтияты жанынан арнайы уағызшылар тобы құрылып, жұмыс істеуде. Сөздің тоқетері, жауапкершілікті арқалай алатын қай жұмысты да өз маманы атқарсын.  . 

Түйін:
Қаланың орысшалау баласы дінге мо­йын бұрса керек-ті. Бірде ол анасының аяғын жуып беруге өтініш білдіріпті. Мұны ыңғайсыз көрген анасы бірден бас тартыпты. Ұлы сонда да: «Жәннат – сіздің табаныңыздың астында», – деп анасын көндіріпті. Аяғын жуып отырып, баласы анасынан оны талай мәрте өкпелеткенін, жүрегін ауыртқанын айтып, жылап кешірім сұрапты. Мұны көрген көршісі: «Менің де балаларым осылай істесе ғой» деп қызығыпты. Бұл  дүниеде балаға ана махаббаты қаншалықты қажет болса,  ата-ана да бала махаббатына соншалықты зәру.


С.Райымбаева
22 қаңтар 2019 ж. 3 437 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 063

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031