» » » АЙҚЫН МАҚСАТ, НЫҚ ҚАДАМ

АЙҚЫН МАҚСАТ, НЫҚ ҚАДАМ


Қазақстан Республикасындағы 2015-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі» Жосалы кенті әкімінің аппаратында іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілген. Іс-шара жоспарында белгіленген тиісті жұмыстар мерзімінде атқарылып, қамтамасыз етілуде. Сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау және оның алдын алу, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында кестеге сәйкес құқықтық оқулар жүргізіліп келеді. Сонымен қатар, 2018 жылдың бірінші тоқсаны бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты «Назарсыз қалдырма. Жемқорлықтың тізбегін үз» тақырыбында Жосалы кентіндегі тұғырға билборд ілінді. Халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында, халықтар көп шоғырланатын жерлерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты суреттер де ілінді.
«Жосалы кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2018 жылдың қорытындысымен қабылданған өкімдер саны – 515, шешімдер саны – 430. Қызылорда облыстық Әділет департаментіне тоқсан сайын қабылданған нормативтік құқықтық актілердің есептері уақытылы ұсынылуда. Осы қабылданған нормативтік құқықтық актілерде қолданыстағы Заңдарға қайшы келетін заң бұзушылықтар орын алмаған. Нормативтік құқықтық актілердің мониторингі жүргізіліп тұрады.
ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 санды Заңына сәйкес есепті мерзімде 499 өтініш қабылданып, тиісінше заң шеңбері аясында қанағаттандырылып, түсіндірілді. Мемлекеттік қызметшілердің этикасын бақылау кітабына және сенім телефонына мәліметтер келіп түскен жоқ. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған арнайы жәшік келушілерге қолайлы жерге орналастырылған және есепті мерзімде жәшікке өтініш түспеген.
«Жосалы кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде есепті мерзімде өрескел тәртіп бұзып, сыбайлас жемқорлыққа қатысты жауапкершілікке тартылған қызметкер болмаған. Аппараттың барлық мемлекеттік қызметшісі салық органына 2017 жыл бойынша табыстары туралы мәліметтерді уақытылы тапсырды. Құқық бұзушылықтың алдын алу үшін атқарып жатқан қызметтер және азаматтардың ұсыныс пікірлерін ескеру мақсатында Жосалы кенті әкімінің 2017 жылдың 11 қазанындағы №19-ө/нқ санды «Әлеуметтік желі ашу туралы» өкіміне сәйкес, facebook әлеуметтік желісінен «Жосалы Кентінің Әкімдігі» парақшасы ашылып, қазіргі таңда Жосалы кенті бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен тұрғындардың ұсыныс пікірлеріне жауап беріліп және оған жауапты маман бекітілген.
Әлеуметтік желіден ашылған «Жосалы Кентінің Әкімдігі» парақшасында бүгінге дейін кент әкімі аппаратының қызметкерлері және оған бағынысты мекемелер туралы сыбайлас жемқорлықтың көрініс фактілері туралы жағымсыз материалдар және мемлекеттік қызметшілерге қатысты келеңсіз фактілер туралы тұрғындардан арыздар түскен жоқ.
Жосалы кенті әкімі аппаратына қарасты 7 мектепке дейінгі тәрбиелеу ұйымдары бар. Жосалы кенті әкімшілігіне қарасты балабақшаларда 601 балаға 234 қызметкер мектеп алды тәрбие жұмыстарын бекітілген стандартқа сәйкес атқаруда. Мектепке дейінгі тәрбиелеу ұйымдарында қызметкерлерді жұмысқа қабылдауда аудандық жұмыспен қамту орталығының жолдамасы арқылы қабылданады. Әрбір маман категория санаттарын көтеру үшін 5 жылда бір рет жоғарғы санат, І санат, ІІ санат бойынша біліктіліктерін арттырып отырады.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу ұйымдарында тәрбиеленушілерді қабылдау «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүргізіледі. Бұл – баланы балабақшаға кезекке тіркеу туралы хабарламаны беру. Әрбір балабақша бойынша кезектілікті тіркеу үшін аудандық білім бөлімінде портал жұмыс істеп тұр, арнайы журнал даярланған. Аталған қызметке кент тұрғындарының қолжетімділігін қамтамасыз ету және ата-аналарға ыңғайлы болу үшін «Egov» электронды порталы жұмыс істейді. Электронды кілті бар әрбір адам интернет желісі арқылы үйінде отырып, балаларын таңдаған балабақшаның кезегіне қоя алады. Кезектілік туралы хабарламаны ресімдеу электронды автоматтандырылған. Әрбір мектепке дейінгі тәрбиелеу ұйымдарында сенім телефондары тұрақты жұмыс жасап, қызметкерлердің педагогтік қызмет этикасы ережелерін бақы­лау кітабы көрнекі жерлеріне ілінген және арыз-шағым жәшігі қолайлы жерге қойылған.
№1 «Аққайың» санаториялық бала­бақ­шасын қоспағанда, ата-аналар айына 5000 теңгеден жарнапұл төлейді. Ал, «Тоғжан» балабақшасының ата-аналары өздерінің ке­лі­сімдерімен балаларының тамағы үшін айына 6000 теңге жарнапұл төлеуге бір ауыздан ұйғарған. Ата-аналар жарнапұлды банк арқылы терминалмен төлейді. Мұнан басқа мақсаттарға, яғни мерекелер мен мекемеішілік қажеттіліктерге ата-аналар мен қызметкерлерден ақша жинау фактісі орын алған емес. Ол жөнінде ата-аналар мен қызметкерлерден ешқандай шағым түскен жоқ. Еңбек кодексіне сәйкес мектепке дейінгі тәрбиелеу ұйымдарында ұжымдық-шарт бекітілген. Осы ұжымдық шарт арқылы әрбір мектепке дейінгі тәрбиелеу ұйымдарында балабақша басшысы, кәсіподақ төрайымы және ұжым қызметкерлерімен бірлесіп, туындаған мәселелер өз шешімін табады.
Жосалы кентінің әкімшілігі өзіне қарасты қызметкерлер мен мекемелердегі ішкі тәртіп пен қызмет этикасы ережелерінің қатаң сақталуы бақылауға алынып отырылады. Сыбайлас жемқорлық фактілері мен көрінеу жалған ақпар берудің алдын-алу жөнінде заң шеңбері аясында ұдайы түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Шыңғыс СЫДЫҚОВ,
Жосалы кентінің әкімі.
28 желтоқсан 2018 ж. 999 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 063

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031