Болмыс

Адам баласының өмірге келуі мен бұл жалғаннан фәнилік дүниеге өтуі, соңынан жас ұрпақтың алмасатыны және тіршілікте әрбір адам баласының өмір атты ұлы көште өз орнының болатыны жазмыштың бұлжымайтын заңы. Сол адамның соңында еліне сіңірген елеулі еңбегі мен өнегесі, абыройын асқақтатар ұрпақтары қалып жатса оның ғұмырының зая кетпегенін көрсетеді. Осындай елінің алдындағы азаматтық борышын ата-анасы алдындағы перзенттік қарызын, ұрпағы алдындағы  әкелік парызын абыроймен атқарған досына адал, бір әулетке ғана емес, ағайын-туыс пен бүкіл бір ауылға аға бола білген, қимас та, сыйлас та, сырлас та, құрдас та болған азаматтардың бірі де, бірегейі – марқұм Қажденбек Құлманұлы еді. Ол тірі болғанда биылғы желтоқсан айында 70 жасқа толу  мерейтойын ұрпақтарымен, ағайын-туыс, дос құрдастарымен  дүркіретіп тойлаған болар едік. Алайда, қимас дос, атпал азамат ауыр науқастан 53 жасында 2001 жылы дүниеден озған еді.

Өмір ұзақтығы мен емес өзінің мән-мағынасымен өлшенетін болса, ол қысқа ғұмырында өзінің өресі  биік,  қа­рым-қабілеті зор, ортасына  сыйлы   азамат ретінде елдің есін­де қала білді.  Қажденбек Қалдашбаев 1948 жылы Жалағаш ауданында дүниеге келіп, 1966 жылы Қызылорда қаласындағы Ю.Гагарин атындағы мектеп-интернатын үздікке тәмамдап, еңбек жолын Қармақшы механикалық заводында жұмысшы болып бастады. 1967-1972 жылдары Алматы ауылшаруашылық инс­титутын «ғалым агроном» мамандығы бойынша бітіріп, 1972-1981 жылдары «Жаңақала» (қазіргі Т.Көмекбаев), Жосалы (қазіргі Төребай би) ауылдарында бас агроном, 1981-1987 жылдары Жосалы кеңшарында партия ұйымы хатшысы, 1987-1996 жылдары Ленин кеңшары директоры, «Тұрмағамбет» серіктестігінің төрағасы қызметтерін атқарса, 1998-2001 жылдары №29 мектепте бас есепші, «Калдашбаев» жеке қожалығы төрағасы болып еңбек етті. Ол қай салада жүрсе де еңбекқорлығымен, ізденімпаздығымен өндірісте жаңашылдығымен, ұйым­дас­ты­рушылық қабіле­тімен өзін көр­сетті. Әсіресе, «Тұрмағамбет» серік­тес­тігі төрағасы қызметінде жүргенде на­рықтық қатынасқа көшкен алғашқы жылдардағы қиындықтарды өзінің іс­керлігімен, білім-білік­тілігінің арқа­сында жеңе білді.
Шаруашылық салаларын оңтай­лан­дыру ісін ұйымдастыруда ерекше еңбегі ауыл тұрғын­дарының әлі көз алдында. Шаруашылықта күріш ақтайтын, ұн, күнбағыс майын шығаратын цехтар ашылып, инкубатор арқылы құс өсіру алаңы пайдалануға берілді. Ара өсіруді қолға алып, одан алынған өнім халық игілігіне жұмсалып, тұрғындардың азық-түлік өнімдерінен қиындық көрмеуіне қол жеткізді. Шаруашылықта Ресейден асыл тұқымды ет-сүт бағытындағы мүйізді ірі қаралар алынып, әр сауын сиырдан 3000-3500 литрден сүт сауылып, етке өткізілген сиыр­дың орта сал­мағы 350-400 кил­лограмға жетті. Бұл ша­руашылықта бұрын-соңды қол жетпеген көрсеткіш еді. Ол сонымен бірге ауыл орталығын абаттандыру, көркейту-көгал­дандыру, тазалық жұмыстарына, мәдениетті көтерумен, тәртіптің сақ­талуына ерекше көңіл бөлді. Ауыл ор­та­лығындағы 5 көшеге қиыршық тас төселіп, 2 көшесі асфальтталды, түнгі жарық шамдары іске қосылды. Мал шаруашылығы саласындағы үлгілі жұмыстарымен ауыл мәдениетін көтеру­дегі жаңалықтары негізінде бірнеше рет аудандық, об­лыс­тық семинарлар ұйым­дастырды.

Жоғарғы органдардың қар­жы­лық қысымына қарамай ауыл ор­та­лығындағы төбесінен жаңбыр, қар суы ағып, құлау қаупінде тұрған мектепті шатырларды, білім саласын қолдау мақсатында тоқсан сайын үздік оқушыларға ша­руа­шылық атынан стипендия тө­леуді ұйымдастыру, мәдениетті қол­­­дау мақсатында елдегі нарық қиын­шылықтарына қарамай ауылдың құ­рылғанына 60 жыл толу мерекесін атап өту, Сыр сүлейлері Ешнияз сал мен оның баласы Кете Жүсіптің қорымының жойылып бара жатқанын ескеріп, олардың бейітінің басына күмбез тұрғызу, жыл сайын жеке тұрғындар үшін ша­руашылық әдіспен 25 тұрғын үй салынып, пайдалануға берілуі, облыс телехабар тарату орталығымен келісімімен облыс­та, тіпте республикада бірінші болып, ауылдың телехабар орталығын ашып, күнделікті ауыл, аудан жаңалықтары, саяси науқан кезінде арнаулы хабарлар, хабарландыру т.б. жаңалықтар таратылып отырылуын ұйымдастыруы оның азаматтығының, іскерлігінің, елжанды­лы­ғы­ның белгісі еді.

Кажденбек сонымен бірге көне тарихты, ескіден жеткен әңгімелерді көп білуімен қатар, нақышына келтіріп айта білетін ойы ұшқыр, ақкөңіл азамат болатын. Оның осындай еселі еңбегі халықтан да, мемлекеттен де кезінде лайықты бағаланып, 1980 жылы «облыстың үздік агрономы» атағын алса , екі рет аудандық Кеңестің депутаты, төрт рет аудандық партия конференциясының делегаты болып сайланды. Бірнеше рет аудандық, облыстық басшылықтардың мадағына ие болды.

Азаматтың абыройының асқақтауы көп жағдайда оның Құдай қосқан қо­сағының адамгершілігімен, пейілінің кең­дігіне байланысты болатыны бесенеден белгілі. Ұзақ жылдар жанына жалау, отбасының құт-берекесі бола білген Луиза Құрмашқызы екеуі уыздай ұйыған отбасын құрып, жарасымды жұптан алтын асықтай үш ұл, қызғалдақтай екі қызды өм­ірге әкеліп, ұлдарын ұяға, қыздарын қия­­ға қондырған бақытты отбасы болды.

Ұрпақтары қара шаңырақтың түтінін түзу шығарып, әкесі мен анасының атына кір келтірмей, түрлі салада үлгілі еңбек етуде. Олар сан тараулы салаларда еңбек етсе, олардан тараған 10 немеренің алды жауапты мемлекеттік қызметкерлер.
Кажденбек Құлманұлы өзінің аза­маттылы­ғымен, парасаттылығымен, білім-біліктілігімен көпшілік арасында абыройға ие болып, жасындай жарқ етіп ғұмыр кешкен абзал азамат еді. «Адам өлген күні өлмейді, ұмытылған күні өледі» деген бабалардан қалған сөз бар. Асыл азаматтың артында қара ормандай ағайын-туыс, дос-құрдастары, тасқа салса тұяғы кертілмейтін ұрпағы тұрғанда оның есімі ұмытылмақ емес.

Сұлтанбек МЫРЗАБАЕВ,
Тұрмағамбет ауылы.
14 желтоқсан 2018 ж. 745 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 085

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031