» » » ТӨРЕЛІГІ БІР ТӨБЕ ПІРӘЛІ БИ

ТӨРЕЛІГІ БІР ТӨБЕ ПІРӘЛІ БИ

Билікке 1850-1860 жылдарда араласа бастағанын ескерсек, өмірге 1810-1812 жылдары келіп, 1879-1880 жылдары бақилық сапарға аттанған. Пірәлі би Жаңадария мен Қызылқұмда көшіп жүрген ауылдастарының 900 жылқы, 300 түйесін тартып алып кеткен хиуалықтардың бегіне барып, тоналған малдардың қайтаруын талап етеді. Азулы бидің ұт­қыр да өткір сөздеріне тоқталған хиуалықтар, барымталанған малдарын алдына салып беріпті.
Пірәлі мен Қожеке батырға қатыс­ты ел арасында мынандай бір әң­гіме бар. Хиуалықтармен болған бір ұрыста Мырзабайдың баласы Қожеке хиуалықтардың 7-8 адамын өлтіріп, алым-салық төлемей жібереді. Осыған кектенген Қожанияз бек бір жайлауда бө­лек отырған Мырзабай қарияны әйелімен күштеп көшір­тіп алдырады. Пірәлі би бұл оқиғаның соңы қанды қырғынға, бүліншілікке ұласпауы үшін бекке барып тақымдасады. Әрі-бері тартыс сөзден кейін Пірәлінің артында Шөмекей елінің және батыр інісі Қожекенің тұрғанын ескерді ме, Бек Мырзабайды босатқан көрінеді. Жас Қожекенің сол ұрыстан кейін батырлығы елге жайылып, батыр атан­ған деседі.
Пірәли би хақында ел аузында айтылып жүрген әңгімелер көп-ақ, ол туралы жазылып қалған деректер де жок емес. 1857 жылдың 8 мамырындағы Рысмұхамед бидің қазақ даласында орын алған көтерілістер жайлы Орынбор шекаралық комиссияға берген мәліметінде негізінен Жанқожа батыр бастаған көтерілістің жайы туралы болған. Онда Жанқожа батыр Шөмекей руының биі Пірәліге өтініш жасап Бұхараға жібергені айтылған. Сондай-ақ, осы мәлімдемеде Пірәлі би Бұхара әмірінен оқ-дәрі, астық сұрап барғанын және оның Бұхарадан оралмағаны жазылған («Казахско-русские отношения в ХVІІІ-ХІХ веках), Алматы, 1964, 424-бет). Осы кітаптың 458 бетінде, 1859 жылғы 17 қыркүйектегі Орынбор губер­ниялық хатшысының Жанқожа Нұрмұхамедов басқарған көтеріліс жайлы жазбасында; 1856 жылдан Ж.Нұр­мұхамедов Жаңадария бойында Заңғартөбе маңында өзінің жақындары 10 үй және сұлтан Бөрі бастаған 20 шаңырағы тұратынын және олардың Шөмекейдің көрнекті биі Пірәліге хат жазып, кеңеске қатысуын сұрағанын және 1858 жылы шөмекейлердің Қара­­сақал руының Дабыл биінің 500 жылқысын қай­тару мәселесін ше­шуді ойластырғаны құжатта анық көр­сетілген. Жалпы деректерді саралап отырсақ көп нәрсеге көз жеткізесіз, 1860-1872 жылдарда осы аталықтан Қожекенің және Пірәлінің Алмас, Аман, Аманбай атты балаларының есімдері елге белгілі болады. Алмас пен Аман Жолай аталығынан шығып, билікке ара­ласып, дау-жанжалды шешіп отыр­ған. Оны ақын-жыраулар Балқы Базар, Дұр Оңғар Қарасақал Ерімбет тол­ғаулары, Шегебайдың Алмас бидің ба­ласы дүниеден озғанда арнаған көңілқосында:
...Билігіңіз Рысымбеттен бері қарай,
Тапжылмай жеті атаға келіп тұрған, – деп Алмас бидің Бекет аталығынан бері жеті атаға келгенін хабардар еткен.
Жолай-Кетебай, Өтетілеу, Пірәлі билер хақында Балқы Базар, Дүр Оңғар, Шегебай Бектасұлы, Тұр­мағам­бет ақын­дардың жыр жинақтарымен қатар, Қазақстан ұлттық, Сыр елі энциклопедиялар мен бір­неше жинаққа енген.
Кетебай (би) бабамыздың бір баласы Таңат би болса, оның баласы Арғынбай батыр болған кісі. Арғынбай батыр жөнінде дастан жазған есімі шетелге белгілі жырау, ғалым, зерттеуші Алмас Алматов Арғынбай батыр дастанын жырлап келеді. Осы Арғынбайдан Төс туады, оның бір баласының аты Ақмырза. Қарақ өңірінде Ақмырза 1881 жылы туып, 1930 жылы Қызыл әскердің қолынан қаза тапқан. Ол 11 жасында Бұхарадағы «Көкелташ медресесінде оқып, елге келіп, молдалықпен айналысады. 1928-1929 жылдардағы ірі байларды тәркілеу, мешіттерді жабуға қарсы шығып, 1930 жылы Қарақ тауында Кеңес әскерлерімен ұрыста қаза болған. Ұрпақтарының біразы атылып, бірсыпырасы Ауғанға қашқан. «Түрік иман» атты діни кітап та жазған кісі. Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері Ақмырза ахунның ағайын-туыстары мен ұрпақтары Қазақстанға оралуда.
Жалпы Жолай-Кетебай және оның ұрпақтарының билік шешімдері, ел басқару ісінде өзгелерден оқ бойы озық болғанға ұқсайды.
Дүр Оңғар ақын: ...Тұр екен тойханада іс басқарып,
Түбекбай, Аман, Алмас батыр досым, – деп жыр­лаған. Пірәлінің үлкені Алмас, Аман ортаншы ұлы екен. 1896 жылы болыс Алмас Пірәлиев екі аты мен өгізін ұрлаған Зарқұм Қуанышовты (бұл ұрылардың бастығы әрі би болған кісі) ауылына кіргізбей жіберіпті. Мұның өзі қарулы топтың басшысынан Алмас бидің қаймықпағанын, оның әділдікті сүйетінінен хабардар етеді. (бұл дерек Қазақстан мемлекеттік мұрағатының 213 қорында сақталған).
Кетебай және оның ұрпақтарында аумалы-төкпелі жылдарда көптеген құнды дүниелер жоғалып немесе қолды болыпты. Дегенмен Кетебай бидің 1798-1800 жылдары жасалған жеке мөрі, оның баласы Өтетілеудің 1830-1839 жылдардағы және Пірәлі бидің 1857-1860 жылдарда жасатқан жеке мөрлерінің түп нұсқасы Аман ұрпағының қолында сақталған. Жақында Аман бидің ұрпағының бір ғана емес, бірегейлі болып табылатын Ақылбек Шәрібекұлы Мәртсадықов ҚР Орталық Мемлекеттік музейіне әулеттен қалған асыл мұраларды тапсырды.
Т.ДАЙРАБАЙ.

13 қараша 2018 ж. 3 339 1

JeaCold от 22 ақпан 2019 21:21
Prezzo Levitra In Medicina Terbinafine Tablets Over The Counter generic cialis canada Lowest Priced Super Avana Cheap Kamagra Now Proscar O Propecia

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 034

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031