» » Меңей батырдың есімі берілді

Меңей батырдың есімі берілді

Бүгін Т.Көмекбаев көшесінің тұйығына Меңей батырдың есімі берілді. Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев, батырдың ұрпақтары мен аудан тұрғындары қатысты.


 Меңей батыр шамамен 1750-1753 жылдары Қуаңдария бойында дүниеге келіп, 1847-1850 жылдары өмірден өтсе керек. Шөмекей тайпасындағы Торыбай руынан шыққан. Өзбекстанның Тамдыбұлағында тұратын Сейітмұрат Тілеубайұлының 2003 жылы баспа жүзін көрген «Ғибрат» атты кітабында «Бозғылдың екінші әйелі Көлдейден туған үлкен баласы Торыбай аталығынан Меңей батыр шығады. Меңей қаратамыр Қыстаубай, қарасақал Шағырай, қошқаралы Қорен батырлармен үзеңгілес, сыйласып өмір сүрген» деп жазылған. Меңей батырдың Өтетілеу бидің (1760-1845) замандасы, қимас досы болғаны туралы да мәлімет бар. Батыр туралы деректер Қызылорда облысының «Сыр елі» энциклопедиясында да кездеседі.
Айнұр ӘЛИ.
26 қазан 2018 ж. 1 928 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 348
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 124

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930