» » » Жүректегі жырлар

Жүректегі жырлар


Құралайдың салқыны
Құралайдың салқыны,
Желі өктем қарқынды.
Тылсымын сезер адамзат,
Осы құбылыс арқылы.
Құралайдың салқыны,
Табиғат шебер әр қилы.
Көктемде көкке оранған,
Жанға азық әр күні.
Құралайдың салқыны,
Найзағайдың жарқылы.
Дір еткізіп денеңді,
Тоқ ұрғандай тартылды.
Құралайдың салқыны,
Шағаладай шарқ ұрды.
Құралай өріп көңілде,
Жүрегімде ән тұнды.
Құралайдың салқыны,
Белгілі болды бар қыры.
Табиғат құтын құятын,
Мезгіл осы – сол сыры!

Өзіме серт
Қалай тұрар көзіңде мұң көрінбей,
Қалай жүрер адамзат бір сүрінбей.
Асыл болып жаратылсаң тегіңде,
Өтерсің бұл өмірден бір түңілмей.
Бор кемік бола берме не болса да,
Көтере жүр ауырлықты бір босама.
Нағыз адам болуға жаратылсаң,
Аярлыққа аттама, көз де салма.
Қызыл-жасыл әлемге үйір болма,
Жақының мен досыңның көңілін аула.
Болмайтынға уақыт арнамасаң,
Көксегенің оп-оңай келер қолға.
Өз-өзіме осылай серт байладым,
Дәмін татып қалауымның тәтті балын.
Қателікті өзімнен іздедім де,
Байыппен алды-артыма қарайладым.
Кісі ақысын жемесем, ниет түзу,
Жамандықтан мейлінше күдер үзу.
Жақсылығын біреудің қайтарар кез,
Тереңдіктен тәлім ап өрге жүзу.
Тәрбие тал бесіктен – ата адамнан,
Бала кезден құнарлы ой мол дарыған.
"Жақсы сөз – жарым ырыс" деген сөзді,
Жүрегімнен өткізіп саралағам.
Іштей сезіп жүремін осалдығым,
Сенгіштігім, адалдық, аңғалдығым.
Біреу білсе түсінер ар-ожданның,
Біреу білмес жанымның тазалығын.
Не болса да айғақты ісің берер,
Жаманды да жақсыны ел ескерер.
Айқайламай даурықпай аман жүрсем,
Бақ па, сор ма бір күні өзі келер?!.

Ауырмашы

Ауырмашы, жүректі де ауыртпашы,
Ауырмайтын ем іздеп, тауып алшы.
Бес еседен белгілі емшің едім,
Дәруменін жүректің қабылдашы?
Сен ауырсаң тағат жоқ, мен байғұстың,
Ахуалың әлсіреп қалған тұста.
Біз екеуіміз біріміз-бірімізге,
Қуат берер ток көзі емеспіз бе?
Ауырмашы, мені де ауыртпашы,
Сарқылмасын құрметіміз болса лажы.
Сенде менсіз, менде сенсіз...
Мәні жоқ, мына өмірдің атпас таңы.
Қорқытасың ауырып мені неге,
Түсірмеші еңсемді көрер көзге.
Сертің қайда, сеніммен сөзге тұрар,
Қалдыма уақыттың еншісінде?
Тал түсіңде кетіпті салың суға,
Қақың бар ма бұл жаста уайымдауға.
Басың ба, аяғың ба, жүрегің бе?
Ем болсын. Ішіп алшы асты мына.
Деп, жазыппын екі мың он сегізде,
Денсаулықтан әлі де күдер үзбе.
Тағы да ауырдың да, қорқып қалдым,
Жол берме бұл ауруға жетпісте де.
Сырға АЛДАСҮГІРОВА,
Дүр Оңғар ауылы
15 мамыр 2026 ж. 38 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

15 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 103
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 693

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031