» » ҚҰРАЛАЙДЫҢ САЛҚЫНЫ

ҚҰРАЛАЙДЫҢ САЛҚЫНЫ

Атай айтса әрқилы қызық аңыз,
Аңызына аңырып, қызығамыз.
Бірде жүзі жадырап шырайменен,
Оқиғасын аңыздың былай деген:
Ерте, ерте, есте жоқ ерте кезде
Тұрғындар да тұрмаған өлкелерде.
Жұмақ болған жер беті жан баспаған,
Сол жұмаққа түсіпті алғашқы адам.
Қайдан түскен? Әрине, ол ғарыштан,
Жан-жануар көрмекке жолға шыққан.
Төте апарар жол қайда кемеңгерге,
Бола алмапты тосқауыл өзендер де.
Екпіндетіп ей, аңдар, заула, зырла!
Бөгет те емес тәкаппар тауларың да.
Желден жүйрік болғаны

текке ме екен,
Ең алды боп ақбөкен жеткен екен.
Алты құрлық арасы жырақ, тіптен,
Заулаған аң зорығып құлап түскен.
Адам Ата емшідей аты мәлім,
Беріпті оған інжірдің жапырағын.
Сол жапырақ дәру боп, үшкіріпті,
Жануар да аяқтан тік тұрыпты.
Тигені сол – саусағы мұрын маңнан,
Тұмсығы да сол сәтте сұлуланған.
Міне, ғажап, жонынан сипаласа,
Хош иісі аңқыған бір тамаша!
Тұяғына саусағын тигізгенде,
Желден жүйрік боларын білдірген бе?
Елжіресе бөкенге сол бір ерен,
Қарақаттай қос көзі мөлдіреген.
Ұстағанда мүйізін қолға бекем,
Мың сан дертке дауалы

ем болған екен.
Адам айтқан: – Керемет осы кейпің,
Ей, Жезкиік, тағы да не тілейсің?
– Барлық түлік төлімен жамырай ма,
Мен де солай төлдер ем мамыр айда.
Мамыр деген – жазға да шығар айым,
Осы кезде өрсе екен құралайым.
Мен туғанда бұлтыңмен бүркейле де,
Талатпағай шыбын мен шіркейге де.
Баласы үшін болғанын оның да алаң,
Адам Ата тілегін орындаған.
...Қасиетін киіктің ұққын, бала!
Төлдеп болар мерзімі – үш күн ғана.
Осы кезде күн суып, тозаң қонған,
«Құралайдың салқыны» содан қалған.
...Айтқанда атай әспеттеп бұл аңызды,
Менің де ойым шарлаған құла түзді.
Достық ТІЛЕУБЕРГЕНОВ
05 сәуір 2025 ж. 49 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 617
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930