» » » Чернобыль ардагерлерімен кездесу кеші өтті

Чернобыль ардагерлерімен кездесу кеші өтті



Биыл Чернобыль атом электр станциясындағы апат орын алғанына – 40 жыл. Осы атаулы күнге орай аудандық музейде апат аймағын залалсыздандыруға қатысқан азаматтардың ерлігін насихаттау мақсатында «Құрбандық пен ерлік: Чернобыль – өткенге тағзым» атты ардагерлермен кездесу кеші өтті.

Кездесуге Қармақшы аудандық Чернобыль қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қосназаров, төраға орынбасары Асылхан Бисенбаев арнайы шақырылды. Сонымен қатар шараға Ә.Егізбаев атындағы №121 орта мектебінің оқушылары мен ұстаздары қатысты.

Шара барысында бүкіл әлемді дүр сілкіндіріп, талай жүрекке жара салған қасіретті апаттың тарихына шолу жасалды. Ардагерлер сол бір ауыр кезеңдегі бастан өткерген қиындықтарын еске алып, тағылымды әңгімелерімен бөлісті.

Кездесу барысында оқушылар Чернобыль зардабын жою жолында жанқиярлықпен еңбек еткен азаматтардың ерлігіне тәнті болды. Олар көкейдегі сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды.

Кездесу соңында ардагерлер 40 жылдық мерейтойға орай табысталған ордендері мен куәліктерін музей қорына сыйға тартты.
29 сәуір 2026 ж. 396 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 079
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 288

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031