» » ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫ ҚҰРБАНДАРЫНА АРНАЛҒАН ЕСКЕ АЛУ ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫ ҚҰРБАНДАРЫНА АРНАЛҒАН ЕСКЕ АЛУ ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ


Тарихтың қойнауында адамзатқа ауыр сабақ болған оқиғалар аз емес. Солардың бірі – 1986 жылғы Чернобыль атом электр станциясындағы апат. Осы қайғылы оқиғаның орын алғанына биыл 40 жыл болғанына орай «Жастар саябағында» еске алу шарасы ұйымдастырылды.

1986 жылғы 26 сәуірде орын алған апат адамзат тарихындағы ең ірі техногендік радиациялық қасіреттердің бірі ретінде белгілі. Оның зардаптарын жою жұмыстарына жалпы 600 мыңға жуық адам қатысса, соның ішінде 32 мыңнан астам қазақстандық азаматтар да аянбай атсалысты.

Шара барысында қатысушылар ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойып, ерлікпен қаза тапқан азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алумен қатар, рухани тағылым ретінде құран бағышталды.

Жиында аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев сөз сөйлеп:
«Чернобыль қаһармандары – ел намысын, адамзат амандығын қорғаған шынайы батырлар. Осы зұлматтың салдарын жоюға 32 мың қазақстандық болса, оның ішінде 40 қармақшылық жерлестеріміздің ерлігі ерекше құрметке лайық. Олардың ерлігі – ұлт рухының биік шыңы»,-деп атап өтті.

Сондай-ақ аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов пен Чернобыль ардагерлер кеңесінің төрағасы Мейрамбек Қосназаров сөз сөйлеп, өз пікірлерін білдірді.

Шарада апат салдарын жоюға қатысқан ардагерлер мен осы зұлматты оқиғада ерлікпен қаза тапқан азаматтардың отбасыларына сый-құрмет көрсетіліп, медаль табысталды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

25 сәуір 2026 ж. 182 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

15 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 103
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 693

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031