» » » Ұлттық руханияттың өзегі

Ұлттық руханияттың өзегі



Отбасы – адамзат тарихындағы ең көне әрі ең қастерлі институт. Әлемнің қай бұрышында болсын, қай ұлттың мәдениетіне үңілсек те, ең әуелі отбасыға деген ерекше құрметті байқаймыз. Қазақ халқы үшін де отбасы – өмірдің мәні, тіршіліктің діңгегі, ұлттық болмыстың айнасы. «Отан – отбасынан басталады» деген халық даналығы да осыны дәлелдей түседі.
Әрбір адамның адамгершілік қасиеттері мен өмірлік ұстанымдары ең алдымен отбасында қалыптасады. Әке – отбасының асқар тауы, сонымен қатар отбасы мүшелерінің қорғаны, ұрпағына тірек болар тұлға. Ана – шаңырақтың шуағы, берекенің бастауы. Ал бала – отбасының сәні мен мәні, болашаққа қалдырылған аманат. Сол себепті  дана халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деп, отбасындағы тәрбиенің маңызын ерекше атап көрсеткен. Алайда кейінгі уақытта осы қағида бұзылып, отбасы мүшелерінің өзара сыйластығына сызат түсуде. Жуырда ғана еліміздің оңтүстігінде, нақтырақ айтқанда, Шардарада орын алған оқиға көпшілікті дүр сілкіндірді. Әлеуметтік желіде қарт әкесін соққыға жығып жатқан жігіттің әрекеті қоғамның қызу талқысына түсті. Әрине, бұл – еш талқылауға жатпайтын, адам баласы құптамайтын жауыздық әрекет. «Әке-шешең жынды болса, байлап бақ!» деген ұстанымды ұстанған халқымыз ата-анаға қол көтеруге, дауыс көтеруге тыйым салып тәрбиелеген. Қандай жағдай болса да, қарт әке-шешеңді бағуға міндеттісің, ол сенің перзенттік борышың дегенді білдіреді.
Ата-бабаларымыз ежелден отбасы бірлігін жоғары қойды. Әдет-ғұрып пен салт-дәстүрдің бәрі отбасылық құндылықтарды сақтауға бағытталған. «Ата салтың – халықтық қалпың» деген нақыл сөз – соның айғағы. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, ата-ананы ардақтау, ағайынмен тату болу – қазақ қоғамындағы отбасы тәрбиесінің алтын қағидалары.
Дәстүрлі қазақ қоғамында ата-ана мен бала арасындағы нәзік сыйластық, берік байланыс қатаң сақталған. «Бала – адамның бауыр еті» деп, ұрпақ жалғастыруды өмірдің басты мәні ретінде қараған. Жеті ата дәстүрін де отбасының тазалығын, туыстық байланыстардың беріктігін қамтамасыз еткен құндылықтардың бірі ретінде қарастырамыз.
Жаһандану дәуірінде отбасы институтына түрлі сын-қатерлер төніп отыр. Ақпараттық технологияның, әлеуметтік желілердің дамуы адамдар арасындағы тікелей қарым-қатынасты әлсіретуде. Көп жағдайда материалдық құндылықтар рухани құндылықтардан жоғары қойылып жатады. Мұндай жағдайда отбасы берекесін сақтап қалу үшін ұлттық тәрбиеге, салт-дәстүрге сүйену қажет.Мемлекет тарапынан да отбасы саясатына үлкен көңіл бөлінуде. Бұл отбасы институтының қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.
Қазіргі заманда қоғамның дамуы мен технологияның өркендеуі адамдардың өмір салтын өзгертсе де, отбасының мәні жойылған жоқ. Керісінше, ол – рухани байлықтың қайнар көзі. Себебі адам қай жерде жүрсе де, қанша биікке көтерілсе де, жүрегінің түбінде әрдайым өз шаңырағына деген махаббат, нәзік сезім тулап жататыны анық.
Рухани байлықтың сарқылмас бұлағы саналатын отбасынан сүйіспеншілік, сенім, сыйластық, қамқорлық сияқты қасиеттердің бәрі бастау алады. Адам баласы өмірінде қаншама қиындық көрсе де, ең алдымен, отбасының қолдауына, жан жылуына сүйенеді. Сондықтан берекелі отбасы – қоғам тұрақтылығының кепілі.
Қорыта айтқанда, отбасы құндылығы – ұлттың рухани өзегін құрайтын мәңгілік тақырып. Бақытты отбасы – бақытты елдің кепілі. Әрбір азамат өзінің отбасының қадір-қасиетін бағалап, ұрпағына өнеге бола білсе, қоғамымыз да берекелі, мемлекетіміз де мықты болмақ.
Лаура БАҚТЫБАЕВА
14 қыркүйек 2025 ж. 21 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 401
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 202

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930