» » Отанның бір бөлшегі-Отбасы

Отанның бір бөлшегі-Отбасы

    Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы-оның көкірегінде  көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда:
     Адамдар арасындағы қарым-қатынас «Отбасы-табиғат  сыйлаған кереметтердің бірі» десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан отбасы өте қажетті ешқандай ешнәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Отбасы-сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы- бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы, алтын тіркеу діңгегі-бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілік араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. Отбасында ата-аналар бала тәрбиесіне көп көңіл бөліп, аса мән беру керек. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны істейді», деген мақал бар емес пе. Яғни, отбасында ата-ана бір-бірімен, өздерінің ата-анасымен қалай қарым-қатынаста болса, дәл сол ата-анасынан көрген әрекеттерді балалар қайталайды. Отбасында болатын ұрыс-керістен кейбір балаларда жағымсыз мінез-құлықтар пайда болады. Сол үшінде балалар тәрбиелі, саналы ұрпақ болу үшін отбасы мүшелері бір-біріне деген құрметтеушілікті арттыру қажет.
     Бала-ата-ана өмірінің жалғасы. Бала тәрбиесі-қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс. Жазушы педагог Ж.Аймауытов айтқандай: «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі, бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді.»
  Отбасын қалай қадірлесек, дәл солай Отанды да қадірлеп, қолдан келгенше аялауымыз керек.
  Қалай айтсақта  Отанның бір бөлшегі-отбасыңа ештеңе  де жетпейді. Өйткені отбасы- табиғаттың әр адамға сыйлаған керемет бір сыйы. Соны мәңгі есте сақтап, ұмытпаған жөн.
                                                                     Қармақшы аудандық сотының жетекші маманы
А.Жақыпбек
07 сәуір 2023 ж. 390 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031