"Отбасылық кеңес" кабинеті ашылды
Бүгін Қармақшы аудандық сотының ұйымдастыруымен елімізде жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтілетін отбасы күніне орай, аудандық АХАТ бөлімімен отбасылық кеңес кабинеті ашылды.
Отбасылық кеңестің негізгі мақсат- міндеті араздасқан ерлі-зайыптыларды татуластыруға шара көру, ерлі зайыптыларға бастапқы тегін психологиялық көмек беру, отбасы өмірінің құндылықтарын насихаттау.
«Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», — десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
Отбасы құндылықтары, бірлік, татулық туралы қазақ халқының даналық сөздері ілініп, татуласу рәсімдері туралы кітапшалар мен жадынамалар қойылды.
Шара барысында Қармақшы аудандық сотының төрағасы Д.Кентбаев, Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлім коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орынбасары Ж.Қалымбетов, билер кеңесінің мүшесі У.Умиртаев отбасылық кеңес кабинеті аясында өзара іс-қимыл жөніндегі меморандумға қол қойды.
Отбасылық кеңес кабинетіне АХАТ бөлімінің маманы Ж.Бекеева бекітілді.
Пилоттық жобаның мақсаты – отбасы құндылықтарын сақтау, отбасылық дауларды мейлінше татуластыру рәсімдерін қолдана отырып бітімгершілікпен шешу, балалардың толыққанды отбасында тәрбиеленуіне ықпал ету.
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі.