» » » АЛАҢ ТӨРІНДЕГІ АЛТЫБАҚАН

АЛАҢ ТӨРІНДЕГІ АЛТЫБАҚАН

Көктем келсе көңіл күй көтеріліп, айналамыз да көркейетіні рас. Мерекеге толы мезгілді көпшілігіміз асыға күтеміз. Алғыс күнінен басталып, аналар күнімен ұласып, әз Наурызбен жалғасатын көктемнің алғашқы айы шынымен ерекше.
Осы орайда көктеммен бірге кентімізге де шырай кірді. Олай дейтініміз көктем мерекесінде орталық алаңның безендірілуі көптің көңілінен шықты. Ұлттық құндылықты ұлықтайтын бейнелер, көрікті көктемге тән әсем гүлдер, мерекеден ерте құрылған алтыбақан кент тұрғындарын қуантты. Орталық алаңымыз алыстан келген қонақты арнайылап апаратын орынға айналды. Ал алтыбақан жайлы айтарым тіпті бөлек.
Жалпы бала күнімнен әткеншекті жақсы көремін. Күн жылынса атам немерелеріне арнап әткеншек жасап беретін. Жаз бойы тербеліп, қызығын көретінбіз. Біз алтыбақан тебетін заманнан тым берідеміз. Сондықтан онымен алғаш кітап арқылы таныс болдық. Сол уақытта әткеншекке әуес мен үшін алтыбақанға тербеліп көру өте қызық болды. Алайда менің балалық шағымда наурыз мерекелерінде құрылған алтыбақанда ығы-жығы халықтан бізге кезек бұйыра бермейтін. Мерекелік іс-шара аяқталысымен, алтыбақан да жиналушы еді. Сол кездегі қызығушылық орта жасқа қадам басқан менің жүрегімде әлі сақталған-ды. Өзге үшін қарапайым дүние болып көрінгенмен, мен үшін алтыбақанға деген ынтықтық тым бөлек.
Биыл ел азаматтары орталық алаңға алтыбақанды ертерек құрды. Мереке өтсе де ел игілігі үшін әлі қолданыста. Кешқұрым серуенге шыққан көпшілік алтыбақан айналасына топталып, кезекпен қызығын көруде. Біршама жыл көңіл қалауыма айналған дүниеге мен де тербеліп көрдім. Өте ерекше сезім. Бүгінгі психологтардың тілімен айтсақ, бала күннен келе жатқан гештальт жабылды. Мүмкін, мен секілді кейбір адамдар да бала арманына қол жеткізген болар.
Ең бастысы бүгінгі бүлдіршіндер «алтыбақан» деген ұғымды танып, тербеліп көріп, оның ұлттық құндылық екенін санасына сіңірді. Осы орайда алтыбақанның алаңда ұзақ тұруының ең ұтымды тұсы да осы болғаны анық. Айналаға сән, көңілге қуаныш, балаларға шаттық сыйлаған алтыбақан үшін алғыс!
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
05 сәуір 2025 ж. 374 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

№25 (10393)

08 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 611
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930