» » » "НАН АУЫЗ ТИІҢІЗ!"

"НАН АУЫЗ ТИІҢІЗ!"

Бізде босағаңнан бас сұққан кісіге уақыты тығыз болғанның өзінде дастархан жайып, ең қадірлі болған тағамымыз наннан дәм татқызатын тамаша әдетіміз бар. Бойымыздағы жомарттық, жанашырлық, бауырмалдық сезімімізді оятып, шыңдай түсетін осы бір жақсы әдетіміз сол ауыл төңірегінде ғана қалып қоймай, қазақ жүрген жердің бәрінде жүре берсе деймін да! 
Біздің осы "нан ауыз тиіміз" түріктерде "Шәй іш!". Балалардың ойын алаңдарында, парктерде, даладағы орындықтарда, көк шөптің үстінде екі үш әйелден бас қосып шәй ішіп отыратынын жиі көремін. Танымаса да шәйға шақырады. Еркектері де сол, жиналып алып шәй ішкіш. 
Кафе, ресторанынан бөлек сауда саттық орындары дүкендерде, шаштаразында тб көпшілікке қызмет көрсететін жерлердің бәрінде ыстық шәй ұсынады. Сүті жоқ қара шәй, оның үстіне тым ащы болған соң әлі үйренісе алмадым, бірақ олардың осы жылы ықыласы үшін амал жоқ ішесің! Меймандарына далада көрсететін құрметі осындай болса, үйіндегі сый сияпатын ойша бағамдай беріңіз. 
Сауданың қай түрі болсын, отбасылық кәсіп жағынан болсын бұл түріктердің әлемдік нарықта өзіндік орын табуына ықыласпен ұсынатын ыстық шәйінің өзі бір себеп-ау деп оладым. Өйткені кісінің тілін табу, жылы шырайлылық, көркем қарым қатынаста болу сияқты қарапайым, бірақ маркетинг үшін өте маңызды шарттарға бір ғана шәйдің өзі үлкен қызмет етіп жатқанын әр жерден байқауға болады. (Әйтпесе, шәйі де, кофесі де олардың атасынан жеткен ас емес). 
Тіпті, жоғары оқу орындарында кейбір профессорлар студенттермен бірге шәй ішіп отырып сабақ өткізетінін ( ғылым докторы деген дардай атағы болса да шәйді өзі дайындап береді екен) естіп бір таңғалдым. Бір жерден ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚТЫң үлгісін көре қалсақ, жоғалтып алғанымызды тапқандай қуанатын болдық қазір. "Біз әлемдегі ең қонақжай халықпыз" деп өзімізді тым асыра мақтап жүрміз ау осы?!) Бізге жүрген жерімізде, жұмысымызда өзіміздің ең тамаша "НАН АУЫЗ ТИІМІЗДІ" шұғыл түрде дамыту керек!
Гүлжан ҚАЙЫРБЕКҚЫЗЫ.
25 наурыз 2025 ж. 300 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 412
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 209

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930