» » Мақсатым – халқыма адал қызмет ету

Мақсатым – халқыма адал қызмет ету

qarmaqshy-tany.kz 2019 жылы Үкіметтің қаулысымен Қазақстан Республикасының мерекелік күндерінің тізбесіне толықтыру енгізілді. Соған сәйкес елімізде 16 қазан – Нан күні болып белгіленді. Нан халықтың маңызды да өміріне ең қажетті тағамының бірі. Жер бетін мекендеген халық нанды барлық астан жоғары қояды. Нансыз адамға өмір жоқ десек те болады және нан дастарқанның мәні мен сәні.

Мемлекет басшысының Нан күнін мерекелеуді күнтізбеге енгізуі – қазақстандықтардың астық және ұн өнімдеріне құрметін арттырып, диқаншы қауым мен наубайшылардың еңбегін дәріптеу мақсатына арналған мереке деп білу керек.
Біз нан және нанның бірнеше өнімін өндіріп, туған халқының қошеметіне бөленіп жүрген Төретам кентіндегі «Нұрдәулет» наубайханасының меңгерушісі Рая Мусаеваға жолыққан болатынбыз.
Қармақшы өңірінің тумасы, бүгінде еңбегінің берекесін көріп отырған Рая Мұзабпарқызы әуелгіде аспазшы болып жұмыс істесе, кейін келе заман ағымына қарай наубайханашылық кәсіппен айналыса бастайды.
Отбасының несібесін ас атасынан тауып жүрген кәсіпкер 2018 жылдан бері кент тұрғындарының құрметіне бөленіп келеді.
Саналы өмірін таңдаған мамандығымен сабақтастырып келе жатқан кәсіпкерді сөзге тартқанымызда:
– Қазақта «Ас атасы – нан» деген даналық бар, яғни астың үлкені – нан. Ол қасиетті. Адамзат баласы үшін кез келген тамақ қанша нәрлі болғанымен кейде одан жалығады. Бірақ ол ешқашан наннан шықпайды. Дастарқанда нан тұрмаса көңіліңіз де, дастарқаныңыз да ортайып, берекесі кетіп тұрғандай басқа тамақ көзіңізге көрінбейді. Нанның қасиетін осыдан-ақ байқайсыз. Қазақта «Қатықсыз қара су ішіп, қара нан жесең де амандық болсын» деген де тәмсіл бар. «Нанды жерге тастама», «Нанды бір қолмен үзбе» деген атамыз қазақтың осындай ойлы сөзі нанның қасиетіне орай айтылған тыйымдар. Қонаққа келген адам тіпті асығыс болса да өзге тамақтан емес, міндетті түрде наннан ауыз тиген. «Нан бар жерде ән бар» дегендей, халық арасындағы бірлік, ауызбіршілік дастарқанның үстіне қойылған нан арқылы нығаяды, яғни наннан ауыз тиген адам сол үйге жамандық тілемейді және жамандық істемейді.
«Бір күн дәм татқан жерге қырық күн сәлем», «Нанды сыйламағанды нан кепірі соғады» деген де нақыл сөздер бар, – дейді нан өндіруші кәсіпкер Рая Мұзабпарқызы.
«Армансыз адам болмайды» демекші, отбасында төрт баланың анасы, екі немеренің әжесі атанып отырған кәсіпкер сөз соңында өзінің басты арманы – наубайханалық кәсіпті одан әрі дамытып, ел сұранысын қанағаттандыруды мақсат етуде. Болашақта кент орталығынан зәулім наубайхана ашып, онда нан және нан өнімдерінің түр-түрін өндіруді, үлкен қаладағыдай тұтынушыларды наннан зәру етпей, оларға құрметпен қызмет қылып туған елінің өсіп-өркендеуіне үлес қоссам дейді.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
17 қазан 2022 ж. 741 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 385

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 464

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930