» » » ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚТЫҢ ШЕГІ БАР МА?

ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚТЫҢ ШЕГІ БАР МА?

Адамның өмір сүретін қоршаған ортасын біз қоғам деп атаймыз. Ал қоғамда әртүрлі адам өмір сүреді. Таптық көзқараспен бай да, кедей де, дін жағынан қарасақ дінсіз де, политестік дінді ұстанушылар, монотеистік дінді ұстанушылар, ориентациялық көзқарас пен жынысын ауыстырушылар да біздің қоғамымызда бар. Әрқайсысында әртүрлі көзқарас, әртүрлі ұстаным, әртүрлі қағида. Дегенмен, егер біз бейбіт өмір сүргіміз келсе, олардың өмірлік жолдарын құрметтеп, ең болмаса сабырмен қарауға тиіспіз. Ғылымда бұл үдеріс толеранттылық деп аталады.
Толеранттылық дегеніміз – шыдамдылық, өзге көзқарастарға, мінезқұлықтарға, әдеттерге төзімділік таныту, қолайсыз әсерлердің ықпалын бастан өткізе алушылық.
Толеранттылыққа қарама-қарсы қайшылықтардың (инто леранттылық) адамзат тарихының барлық кезеңінде де болғаны рас. Шыдамсыз, төзімсіз, ымыраға келуден қашып, бірбеткейлікті ұстанатын, кінәні өзінен емес басқа адамнан іздейтін адамдар бұрын да болған, қазір де бар. Әйтсе де, сондай адамдардың өмірде жиі кездесуі қоғамда түрлі мәселелерді тудыруға ықпал етеді. Соның салдарынан түрлі соғыс, діни қудалаушылықтар мен идеологиялық қақтығыстар, ажырасу, тастанды балалар, жасөспірімдер арасында суицид туындайтыны – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Сондықтан толеранттылыққа тәрбиелеу әрбір отбасында өз бастауын алуы бүгінгі күннің басты мәселелерінің біріне айналуы тиіс.
Ал, сол толеранттылықтың шегі бар ма? Иә, толеранттылықта шек болады. Бірақ бұл әр адамның өзіне байланысты және толеранттылықтың шегін қандай жағдайда көрсететініне байланысты дер едім.
Австриялық-британдық философ, ХХ ғасыр философиясының ең маңызды және ықпалды ойшылдарының бірі Карл Поппер: «Толерантты қоғамды сақтау үшін қоғам төзімсіздікке төзбеушілік танытуы керек» деген пікір білдірген. Мен бұл пікірге толықтай қосыламын. Менің ойымша, толеранттылықтың маңызды компоненті – жауапкершілік. Кез келген толеранттылықты қолдаушы адам қоғамда болып жатқан оқиғаларға көз жұма қарамай, жауапкершілікпен, басқа бір адамның интолеранттылығына үндемей қалмауы керек. Осы кезде толеранттылықты шегіне жеткізуі қажет. Яғни, толеранттылықтың шегін қоршаған ортамызда толеранттылықты одан әрі дамытуға пайдалану әлдеқайда тиімдірек.
Ресейлік белгілі философ В.Стёпиннің ойынша «Бұл əлемде өмір сүрудің жаңа тəсіліне зорлық жасамау стратегиясы міндетті түрде енетін болады. Егер өзім құрамына енетін нысанмен жұмыс жасап, оны зорлықпен, тұрпайы түрде өзгертсем, бұл мен үшін қатерлі болмақ, өйткені нысанды өзгерткенде мен өзімнің байланыстырымды, қызметтерімді де қоса өзгертемін». Бұл пікірден біз нені аңғара аламыз? Менің аңғарғаным, толеранттылықтың бір ұшы саясатқа барып тиеді. Өзгелердің ойына, пікіріне, өмір сүру әдебіне құрметпен қарау – саяси қақтығыстарды шешудің бірден-бір жолы бола алады. Сонда бір ғана интолеранттылықтың әсерінен әлемде алпауыт соғыстар, бірнеше мемлекетті жалмайтын қақтығыстар болады. Тиісінше, бұл барша адамзатқа өз әсерін тигізбей қоймайды.
Қорытындылай келе, толеранттылықты барша адамзат үшін маңызды ұғым дейтін болсақ, оның шегін қай кезде көрсету де маңызды болып табылады. Қоғамдағы әрбір жеке тұлға өз-өзіне, іс-әрекетіне, мінез-құлқына жауап беріп, толеранттылықты сақтай алса, бұл бүкіл әлем үшін пайдалы болар еді.
Шапағат КӘРІМБЕРДИЕВА,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті
30 қаңтар 2025 ж. 83 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 345
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031