» » » Еңбекте егіз ұстаздар

Еңбекте егіз ұстаздар

Мектеп... Шәкірт... Ұстаз... Осы үш сөз бір арнаға тоғысқандай. Бұл қаламның басы мен ұшы сияқты, егіз жүретін түсінік. Мектеп пен шәкірт... Ал, осы екі ұғымға жан бітіретін құдірет иесі әрине – ұстаз. Ал ұстаздар егіз болса ше?

Жалпы егіздердің дүниеге келуі сирек құбылыс. Бір-бірінен айнымайтын, әрі бірдей киім киіп алған жандарды көргенде таңырқай қарайтынымыз рас. Бір құрсақтан жаралып, қатар ғұмыр кешкенімен кейбір егіздердің қалауы бір мамандық төңірегінде тоғыспайды. Ал біз әңгімелегелі отырған Ләззат, Ләйла Шепеновалар қызмет жолында да қатар жүреді.

Олар 1984 жылы ауданға қарасты Қармақшы ауылында дүниеге келген. 1990 жылы №113 орта мектепке қабылданып, қос қыз осы мектепті үздікке аяқтаған. Мамандық таңдауға келгенде екеуі бірдей ұстаздықты құп көрген. Ләззат Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеттің физика-математика факультетіне оқуға түссе, Ләйла Болашақ университетінің «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығының студенті атанады.

Ұстаздық саланың қыр-сырын меңгерген ұстаздар бүгінде кенттегі мектептерде ұстаздық етеді. Ләззат О.Шораяқұлы атындағы орта мектепте математика пәнінің мұғалімі болса, Ләйла Ү.Томанов атындағы №183 орта мектепте бастауыш сыныпта сабақ береді. Өмірде егіз жандар бүгінде баланы білім нәрімен сусындатушы әріптестер қатарында. 19 жылғы еңбек өтілінде түрлі жетістік төрінен көрініп, оқушылар талай додадан топ жарып жүр.

– Анам марқұм бізді бала күнімізден бірдей киіндіріп, бөліп-жармай үнемі бірге ертіп жүретін.  Бізді мұғалім болса деп армандайтын. Қазір арамызда болса қуанар еді. Мен бала күнімнен математика пәнін жақсы көрдім. Осы пәннен олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындар иелендім. Болашағымның осы саламен байланысты болғанын қаладым. Ұстаздық деген ұлы жолды таңдағаныма өкінбеймін. Біздің мамандықта жауапкершілік маңызды рөл атқарады. Біздер темір, немесе ағаш өңдеп жатқан жоқпыз. Біздің алдымызда тіршіліктің иесі, адамның баласы отыр. Олардың тағдыры біздердің қолымызда. Ұстаз деген ұғым ғұламалылыққа жақын ұғым. Ол өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат-әсерін, сырын білетін жан болуы тиіс. Оның бойында мейірім, парасат, талап қоюшылық, мәдениеттілік қасиеттердің ең жоғарғы сапасы болуға тиіс. Сонда ғана ұстаз деген атқа лайық болады. Ал біздің қандай екенімізді шәкірттеріміз көрсетеді, – дейді тәжірибелі ұстаз Ләззат Шепенова.

Олар мектепте ұстаз ғана емес, бір отбасының аяулы отанасы, ибалы келін. Азаматтарымен бірге үш-үштен перзент тәрбиелеп отыр. Бір қызығы егіздер ұстаздық етсе, олардың жұбайлары мұнай саласында еңбек етеді. Олар тағдыр жолының бір мамандықта, өмір жолының бір мекенде болғанына шүкір етеді.

– Бізді қуантатыны да сол бір ауданда тұратынымыз. Бала кезден бір-бірімізден ажырамай өскендіктен сырласпыз, құрбымыз, бауырмыз. Әйтеуір қандай жағдайда да бір-бірімізді іздеп тұрамыз. Бір салада жұмыс істейтініміз тіпті ғажап. Үнемі көмек қолын созатын сенімді серіктесіміз бар. Біздің жұмыста, өмірде де табысты болуымыздың басты себебі – ата-анамыздың тәлім тәрбиесінің дұрыстығында. Олар өмірде оңай жолды іздемеуге, кез келген қиындықты еңбекпен жеңуді үйретті. Қазір өзіміз де баламызға, оқушыларымызға осы тәлімді саналарына сіңіріп келеміз. Ұстаз деген ұлт болашағына дән егер тұлға. Сондықтан біз білімге ашық, жаңалыққа құмар, жақсылықты жариялаушы болуымыз тиіс,  – дейді білікті ұстаз Ләйла Шепенова.

Иә, тар құрсақты теңдей бөлісіп, өмірде айдынында қатар жүрген жандарға қарап қызықтық. Тіпті өмірлік мақсаттары да бірдей. Бірі ауырса, екіншісі де оны сезе қояды. Бұл Алланың шеберлігі. Ұстаздық жолды да екеуі шын жүрекпен қалаған. Ұқсастығы көп ұстаздарға ұлық қызметте абырой тіледік.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
05 қазан 2024 ж. 545 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031