» » » Ұланымыз ұлы елдің

Ұланымыз ұлы елдің

Тәуелсіздік бабалардың аңсап күткен арманы. Сол үшін біздің ата-әжелеріміз бен аға-апаларымыз зардап шегіп, қиналды. Ойлап қарасақ, ата-бабамыз осынша тер төгіп, көтеріліске шықпағанда біз тәуелсіздік алмай қалуымыз мүмкін еді. Өздері көрмесе де ұрпағымыз көрсін деп ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен елімізді қорғады. Біз сол аталар аманатына берік болуымыз керек. 1986 жылы Желтоқсан оқиғасы болып жатқанда менің әкем дүниеге келген. Әкеме ырымдап, көп ұзамай ел тәуелсіздік алып, бағымыз ашылар, баламыздың жұлдызы биік болар деп есімін Жұлдызхан атапты. Мен қазір ел үшін қызмет етіп жүрген әкеммен мақтанамын. Биыл Тәуелсіздік алғанымызға – 32 жыл толды. Тәуелсіздік алғанда тек Қазақстан халқы емес бізге көршілес, туыстас мемлекеттер де бізбен бірге қуанды. Бауырластықтарын көрсетті. Біз осы бейбіт те берекелі күнімізді бағалап, мақтануымыз қажет. Білімді болып еліміздің өркендеуіне үлес қоса берейік, достар!

Керемет БАЙНАЗАР
16 желтоқсан 2023 ж. 620 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 781
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 137

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 493

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930