» » » Мейірімге мұқтаждық

Мейірімге мұқтаждық

qarmaqshy-tany.kz Әйел – отбасының ұйытқысы. Ол – қай кезеңде болмасын бейбітшілік пен тыныштықтың шырақшысы. Бірақ, бүгінгі қоғамда бір қолымен әлемді, екінші қолымен бесікті тербеткен әйелдердің тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбанына айналып, қысым көретіндігі, соққыға жығылып, өз құқықтарын білмеуі өзекті мәселеге айналып келеді. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қалай тұсау саламыз? Шайқалған шаңырақ пен зәбір көріп зәрезап болған ұрпақтан не үміт күтеміз?
Бұл бағытта саяси, құқықтық негізде бірқатар шаруалар іске асырылуда. Әйтсе де, тұрмыстағы қатыгездік пен безбүйректілікті қалай тоқтатуға болады? Сарапшылардың зерттеуінше, басқа ұлт өкілдерімен салыстырғанда қазақ әйелдері арасында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандар саны әлдеқайда жоғары. Күйеуі ұрып-соққан әрбір төртінші қазақ әйелі ғана көмекке жүгінеді екен, ал әрбір бесінші қазақ әйелі осы тақырыптағы сұраққа жауап беруден бас тартқан. Олай етуіне де себеп бар, өйткені біздің менталитетімізде зорлық- зомбылыққа шыдау не оны жар салмай, жасыру – қалыпты жағдай. Қазақы танымда "ыдыс-аяқ сылдырамай тұрмайды" деп әйел өзінің зардап шеккені туралы көмек сұраған кезде, екі жақ татуластыруға, қайтадан қосуға тырысып жатады.
Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық саны статистикаға көнбейді. Өйткені көп жағдайда әлімжеттік көрген әйелдер құқық қорғау органдарына барудан бас тартып жатады. Әйел отбасында қандай зорлық көрсе де, жанұясы үшін бәріне төзуге мәжбүр. Солай бола тұра қадірін қашырған, шаңырақ шайқалқан жайға да әйелдердің өзін кінәлап жатады. "Барған жерге тастай батып, судай сің", "қайтып келген қыз жаман" деген сынды әңгіме санасына әбден сіңіп қалған.
Отбасылық-тұрмыстық өмірде жасалған әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар саны жыл сайын артып келеді. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге көмек үшін қаржылық, уақытша, кәсіби ресурстар бар. Бұл мекемелер ең қиын сәттерде оларды баспамен қамтамасыз ету, жағдайды қалпына келтіру және бейімдеудің әлеуметтік, экономикалық, құқықтық мәселелері бойынша қолдау көрсетеді. Айта кетейік, ең бірінші қоғамда адамдардың қарым-қатынаста бір-бірімен дұрыс түсінісе алмауының, отбасындағы құндылықтардың азайғандығы, әкенің беделі, анаға деген құрмет, ер адамның әйеліне деген сыйластық қарым-қатынасы. Осының барлығы бізде қалып бара жатыр. Бірден-бір себеп осы.
Жалпы, бейресми мәліметке сүйенсек, әлемде тұрмыс жағдайында аталған зорлыққа ұшыраушылардың денін әйелдер мен жас балалар, сондай-ақ қарттар құрайды екен. Кейбір факт осындай тұрмыстық тауқымет тартып, тағдырдың тәлкегіне түскендердің өз-өзіне қол жұмсауға дейін барғанын дәлелдеуде. Соққы алу, өмірден таяқ жеу, біреудің зорлығына ұшырау – кімнің болса да жүрегіне жара салары анық. Ал сол жараның жазыла қоюы да екі талай. Тіпті, кейде өмір бойы адам одан зардап шегіп жатады. Тән жарасын емдеп жазуға болар-ау, жан жарасын жазуға қанша уақыт керек?
Иә, әйел құқығының сақталмауына байланысты қылмыс, оқыс оқиғалар кеңінен таралуда. Бұл ретте олардың кем дегенде жартысы бұл фактілер туралы тіс жарып айтпайды. Осылайша құрбандар жиі қорғаусыз қалады, ал құқық бұзушылар сирек жазаланады. Түйін Тіршілік тақтасынан түрлі жолмен тайғанап кеткен тағдыр иелері қауіптен құтылуға кейде дәрменсіздік танытады. Мейірімділік нұрын шашпаған жерде, зорлық-зомбылықтың күш ала беретіні сөзсіз. Қазақ әйелі тепкі мен таяққа емес, мейірім мен махаббатқа зәру.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
07 ақпан 2023 ж. 531 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 023

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031