» » » Мамандығым – мақтанышым

Мамандығым – мақтанышым

Бала кезімде түрлі мамандықты аңсап, бірде журналист, бірде суретші, енді бірде тігінші болғым келіп армандайтынмын. Анам болса менің мұғалім болғанымды қалап бейімдеді, мұғалімдік оқуға түсуіме ықпал жасады. Анамның арманын орындап, өзім де мұғалім болуды қалап, сол мұғалім мамандығын оқыдым. Анам кезінде оқуға қолы жетпей, педагогикалық институттың бірінші емтиханынан өтіп екінші емтиханына барар кезінде отбасылық жағдай болып оқуға түсе алмай қалғанына өкінішін білдіреді.
Сол армандарын ең болмаса балаларым орындасын деп, біздерден ешнәрсесін аямады, оқытты, оқуымызға көңіл бөліп жағдай жасады. Іні-сіңілдерімді де оқытты. Шүкір деймін, қазіргі таңда ата-анамыздың еңбегін ақтауға тырысып мамандығымыз бойынша жұмыс жасаудамыз. Ата-анамызға мәңгілік қарыздармыз. Рақметімізді айтамыз сіздерге, алғысымыз шексіз!
Сонымен мен бастауыш сынып мұғалімі мамандығын оқыдым. Иә оқуды да аяқтап туған ауылыма барып өз оқыған мектебіме бастауыш сынып мұғалімі болып орналастым. Алғашқы екі жылдай жекелеген пәндерден сабақ беріп жүрдім. Алғашқы жалақым қолыма тиген 45 мың теңге болды. Соны алып қуанып анама апарып берген болатынмын.
Кейіндері өз сыныбым болды. Оқушыларыма жақсы білім беруге тырысып хат танытып сауаттандыруға көп көңіл бөлдім. Алғашқы бітірткен сыныбымның арқасында аудандық білім бөлімінің алғыс хатын алдым. Әрине қуандым. Мамандығымның мақтанышы осы шығар мүмкін. Мұғалім мамандығын таңдап еңбек етіп жүргеніме қуанамын. Балаларды сауаттандырып хат танытып, тәрбиелеу сауапты іс дейді емес пе? Сол үшін де бойымды қуаныш сезімі кернейді. Бүгінде оқытқан оқушыларым, шәкірттерім сан салада еңбек етуде. Ұстаздың мақтанышы осы емес пе? Шәкірттеріңнің түрлі салада жұмыс жасап еліне қызмет көрсеткені, әрине мақтаныш.
Ұстаздық мамандықтың қиындығы мен қызықшылықтары мол. Уайымдайтын кездерің де, қуанышты сәттерің де болады әрине. Көрген жеріңде шәкірттеріңнің құрметіне бөленіп, көрісіп хабарласуы ұстаздарының бар уайым-қайғысын сейілтіп жібереді. Олардың әрбір балалық қызық әрекеттері еске түсіп күліп алған кезде, бойыңнан бар ауыртпалық түскендей болады. Әрбірінің бала бейнесі есіңде сол күйі жатталып қалады екен. Сол үшін де ұстаздық, ұлы мамандық дерсің.
Несібелі ҚИРАШОВА,
№107 мектеп мұғалімі
26 қыркүйек 2022 ж. 693 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 066

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031