» » » Қармақшы аудандық кинобейне қызметін көрсету мекемесі

Қармақшы аудандық кинобейне қызметін көрсету мекемесі

АРХИВ – ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ, ӨТКЕН ӨМІР ДЕРЕКТІҢ КӨРСЕТКІШІ, ТАРИХИ МАҢЫЗЫ БАР ҚҰЖАТТАР САҚТАЛАТЫН МЕКЕМЕ. МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЕСКІ ҚҰЖАТТАРЫН САҚТАЙТЫН, ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖИНАҚТАЛҒАН ЖӘДІГЕРЛЕР ЖИЫНТЫҒЫ.
Қармақшы аудандық кинобейне қызметін көрсету кәсіпорны 1.03.1947 жылдан бастап бұйрықтар шығара бастаған. Аудандық архивке 1994 жылы 1970-2005 жылдар аралығындағы құжаттарын мемлекеттік сақтауға тапсырды.
Ең бірінші басқарған Ақбаев, Кан Вармун, С.Колинова, Серипбаев, С.Еришев, Косанов, Б.Алманов, Сариев, Ш.Узаков, Ж.Саденов, Кетебаев, Зейнетай Алмаханов, Умир Шегебаев, С.Сармолдин, М.Утегенов, А.Мырзабеков, Ж.Қартамысов, Ж.Бектібаевтар басқарған.
Қармақшы аудандық кинобейне қызметін көрсету кәсіпорыны тұрғындарға кино және бейнефильмдер қызметін көрсетуге, ғылыми-техникалық прогресті дамытуға, фильм көрсетудің техникалық жағдайын жақсартуға және ұлттық кинематографияны насихаттау жұмыстарымен айналасқан. Елді мекендерді аралап кино қойып, филиалдары ашылған. Барлық елді мекендерде киномеханиктер қабылданып, штат саны көбейген. Бірінші механик Лебедев болған, есепші Годунова, кіші механик Шалқар Несипбаев, жылжымалы авто киномеханик Кан, кассирлер Воздвиженская, Камаловалар және Тайбагаров, Каппаров, Акбергенова, Абенова, Садирбек Каражанов, Абдрахман Айжарыков, Марияш Аккузиева, Капитон Ким, Маникуль Жаугашкарова, А.Любимов, Ермаханов, М.Жумабаева, Д.Кенесариев, Ш.Жагыппаров, Лера Мурга, Сайлау Ахметов, Б.Токтыбаев, М.Каржаубаев, Ж.Өміртаева, А.Абилханов, К.Шайманов, Урқия Шадимова, Саду Шалабаев, С.Биесовтер жұмыс жасаған.
Киноландыру жүйесінде еңбек тәртібін нығайту, іс қағаздарын жолға қойып, жоспарлы тапсырмаларды мерзімінде орындап отыру мақсатында киноқондырғылардың кідіріссіз жұмыс істеуін, киномеханиктер арасында техника қауіпсіздігінің сақталуын, киноаппаратуралардың техникалық күтімін жасау жүргізіліп отырса, түрлі семинарлар, курстар өткізіліп тұрған.
Ауданымыздың дамуына байланысты түрлі іс-шараға кинобейне қызметкерлері қатыстырылған. «Комсомол» кинотеатрының суретшісі А.Толстолуцкий платина құрылысына белсенді атсалысқан.
1982 жылы күріш орағына мәдени қызмет көрсету мақсатында Энгельс, Чапаев атындағы колхоздардың егіс бригадаларына киноқондырғылар орналастырып, әр бригадаға 9 сеанстан кинофильмдер көрсетіп, соның 6 сеансы ауыл шаруашылық тақырыбында болған. Күріш орағы кезінде аудан еңбеккерлерін насихаттау мақсатында «Комсомол» кинотеатрында лозунгтер ілінген.
Әр мереке сайын дирекция тапсырмасымен қызметкерлерге сыйақы, түрлі марапат беріліп отырған.
Мысалы, 1985 жылы тоқсандық жоспарлы тапсырманы артығымен 110 пайызбен орындаса, көрермендер жоспарын 70 пайызбен советтік фильмдерге шақырғаны үшін «Комсомол» кинотеатры қызметкерлерін 5,8 пайыз жалақыларына сыйақы қосылған. Автобаза кинофикациясының қызметкерлері жоспарды 158 пайызға орындаған. 1988 жылы жоспарлы көрсеткіштердің барлық түрінен Бүкілодақтық ХІХ партия конференциясы қарсаңында 100 пайыздан асыра орындауды қамтамасыз еткені үшін дирекцияның әрбір жұмысшы, қызметкерлеріне КПСС Орталық Комитетімен СССР Министрлер Советінің 1984 жылғы No350 қаулысының негізінде және Казақ ССР Мемлекеттік киномотография комитеті бекіткен «Кино мекемелері» және «Кино қызметкерлеріне сыйлық төлеу туралы» ережелерге сәйкес екінші тоқсанында үнемделген жалақы қорының есебінен 15 пайыз сыйақы төленген.
Қазақ ССР Мемлекеттік кинематография комитетінің коллегиясымен республикалық салалық кәсіподақтар комитетінің 18 ақпан 1986 жылғы социалистік жарыс қорытындысы бойынша Қармақшы аудандық киноландыру жүйесінің дирекциясы жеңімпаз атанды. СССР Мемлекеттік кинематография комитетінің 17 шілде 1985 жылғы No272 бұйрығымен бекітілген киномекемелерінде арнаулы автотранспортты пайдалану туралы ережесін басшылыққа ала отырып жүргізуші Б.Киргабаков Қызылорда қаласына кинофильмдерді тасымалдауға бекітілген, жүргізуші Д.Кенесариев Энгельс атындағы колхоздың егіс бригадаларына кино қызметін көрсетуге бекітілді, жүргізуші С.Сүлейменов және киномеханик С.Қазыбаев Чапаев атындағы колхоздың күріш орағы кезіндегі дала қостарына және пионер лагеріне келісімшартпен кино көрсетілетін өндіріс орындары мен мекемелеріне қызмет көрсетуге бекітілген және ремастер С.Бисенов «Днепр» мотоциклімен поселкедегі бас айналымның киноқондырғылары аралық қатынастарға пайдалануға бекітілген. Қазақ ССР Кинематография комитетінің коллегиясы мен Мәдениет қызметкерлері кәсіподағының республикалық комитетінің президиумының 27 ақпан 1987 жылғы No15 қаулысына сәйкес 1986 жылдың қорытындысымен республикалық социалистік жарыстың жеңімпазы деп табылған. «Қазақкино» мемкомпаниясының 1993 жылғы 21 қазандағы No58 қаулысына сәйкес киносаласының ардагері Жеңіскүл Өміртаева «Қазақстан Республикасының кинематографиясының үздігі» белгісімен марапатталды. Қармақшы аудандық кинобейне қызметін көрсету мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мекемесі 2005 жылдың 25 тамызында Қармақшы ауданы әкімінің No414 қаулысына сәйкес таратылды.
З.МАХАНБЕТЖАНОВА
Қармақшы аудандық архиві филиалының ІІ санатты архивисті
01 тамыз 2022 ж. 957 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031