» » » Жыр фестивалі өтті

Жыр фестивалі өтті

«Хат жаздым  сәлем  жолдаптуған  ауылым,
Елдегі  саламатпа  қалған  бауырым?
Мен  жүрмінОтан  қорғау  жорығында,
Соғыстың  бастанкешіп  сұр  дауылын.
Сағындым  туғанаймақ,  ел-жұртымды,
Аға-інім  өскенойнап  тең  құрбымды.
Тыңда елім,  жырымда  осы, сырым  да осы,
Азырақ  айыптамаайтсам  мұңымды.
Дариға! Еске  түсіп  өскенхалқым,
Еске  алдым қатар-құрбы  жаспен  қартың.
Қасиетті  туғанжердің  топырағы,
Көзіме  елестейдітүйірі  алтын.
Көктөбе,  Бабайатам,  Күйеуасар,
Көз  көрсекөңілі  жай боп,  шаттықтасар.
Аға-іні, ата-енемен  дидарласып,
Күн  қашантуар екен  мауқын  басар?!»
Туған жерге, туған еліне, аяулы жары мен ұл-қыздарына, дос-жарандарына сағыныштарын жырына  қосқан майдан солдаттарының үшкіл  хаттарының желісі  осылай көркемделген. Жеңіс бізге  оңайлықпен келген  жоқ. Еліміздің,  кеңбайтақ  жеріміздің  бейбіт аспанын бұлт торламасын деп басқыншылардың, яғнидұшпандарымыздың  мысын  басқанбіртұтастығымыз, бірлігіміз, қаһармандығымыз Отан-Ана  батырларына сенді.
«Балалар жылы» аясында Ұлы Жеңіс күні меркесіне орай К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінде майдан даласындағы жауынгерлердің сағынышты хаттарын Сыр мақамдарына салып орындаған жас жыршылардың «Майданнан хат» атты жыр фестивалі ұйымдастырылды. Оған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Дәурен Ержанов қатысып жас жыршыларға сәттілік тіледі. Жас жыршылар жергілікті майдангерлер Бисенбай Қасқырбаев, Әбзәли Егізбаев, Шәкіман Бектібаев, тағы басқа ақындардың шығармаларын орындап көпшілік көрерменнің көңілінен шықты.
 «Бауыры бүтін сұңқар жоқ, тұяғы бүтін тұлпар жоқ». Бұл соғысқа бар шаңырақтан көзінің ағы мен қарасындай жалғызы да, ат жалын тартып мінген ер азаматтары да түгел аттанды. Арманда кеткен арыстар әруағы алдында бүгінгі ұрпақтары басын иеді.

«Қт» ақпарат
11 мамыр 2022 ж. 568 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031