» » Туған жерге тағзым

Туған жерге тағзым



Иә, он жыл бойы мектеп партасында бірге отырып, бірге есейген достарыңмен  дидарласып, сол бір таңғы шықтай тап-таза балалық шақты еске алудың өзі  керемет емес пе?!  Бәрінен де маңыздысы – өмір-өзен ағысымен әр тарапқа  тарыдай шашыраған достардың араға 40 жыл салып, бірін-бірі іздеуі, ынтымақ, бірлікке келуі ғой. Кездесуде аяулы ұстаздарымызға төрден орын ұсынып, құрмет көрсетіп, сый-сияпат жасап, мерейін өсіргеніміздің өзі неге тұрады?! Өмірден өткен сыныптастарымыз бен ұстаздарымыздың, ата-аналарының рухына Құран бағыштаудың сауабын айтсаңызшы...
Келесі күні ардақты ұстаздарымыз бастауышта алғаш рет қолымызға қалам ұстатып, әріп танытып, Әліппемен табыстырған алғашқы ұстазымыз, ардагер ұстаз Назымкүл Бүркітбаева  апаймен және аудандағы спорт саласының дамуына өлшеусіз үлес қосып, небір спорт майталмандарын дайындаған тәжірибелі ұстаз Еркін Атабаев ағайымызбен алтын ұя мектебіміз №105 мектеп-лицейге бардық. Осыдан 40 жыл бұрын табалдырығын алғаш рет имене аттаған алтын ұямызға араға қаншама жыл салып оралған қарлығаштардай, сағына ендік. Алдымыздан оқу ордасының басшылары мен мұғалімдері күтіп алып, өзіміз оқыған сыныптарымызды, балғын балалық шағымыз өткен мектеп дәліздерін, спорт залын, қазіргі заманға лайық жабдықталған оқу кабинеттерін аралап, ұстаздарымызды ортаға салып, суретке түстік. Сыныпқа келіп, ұстаздарымызбен бірге  бұрынғы мектептегі оқушы күндерімізді, жастық шағымызды есімізге түсіріп, қызықты кездер мен сәттерді сағына еске алып, оқушылық кезеңнің естен кетпес сәттерін сөз етіп, бір жадырап қалдық. Ұстаздарымыздың алдында  өмірде қол жеткен жетістіктерімізбен, алда қойған жоспарларымызбен бөлістік. Шәкірттерінің бағындырған  биігіне ұстаздардың да мерейі тасып, үстем болды. «Туып өскен жерге, алтын ұя мектепке тағзым етудің өзі үлкен бір көрегенділіктің  белгісі деп білемін. Ұлағатты ұстаздардан алған тәлім-тәрбиенің жемісі болар. Мен осы сыныбымды мақтан етемін» дейді бастауышта білім берген, ұлағатты ұстаз, ардагер мұғалім Назымкүл Бүркітбаева апай.
Бір кезде сыныптас болған 40 шақты түлек бүгінде әрқайсысы өмірден өз жолын тапты. Ойы зерек, талабы ерек  түлектер  арасында небір мамандық иелері бар. Олар ұстаз, дәрігер, мейірбике, теміржолшы, мұнайшы, техникалық саланың және халыққа қызмет көрсету саласының қызметкерлері, құрылысшы, жүргізуші. Туған жерге тағзым ете келген түлектер мектепке естелік сыйлық тарту етіп, әрі қарай Қорқыт ата кешеніне зиярат етуге жол тарттық. 
Қош бол, алтын ұя мектебім! Талай ұрпақты саналы да саламатты өмірге аттандырып, жолдама берген құтты шаңырақ. Қазақ елінің жасампаз ұрпағын тәрбиелеуде жан аямай еңбек етіп жүрген аяулы ұстаздар қауымы, Сіздерге, мың алғыс! Туған жерге туын тігіп, маңдай терін төгіп, туған жеріміздің көркеюіне өлшеусіз үлес қосып жүрген достарым, замандастарым, сендерге де мың алғыс. Қасиетті Сыр елінің перзенті екенімізді қайда жүрсек те, мақтана еске аламыз. Келесі кездескенше!
Базаргүл АБДУЛЬДИНА,
 филология ғылымының кандидаты,
              доцент                                                                                                                     
15 маусым 2021 ж. 662 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 040

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031