Ақын тұлғасы



Жарты ғаламды жалынға орап сол майдан,
Талайдың жұтқан құт басын.
Еліне деген сағынышын сүйреп шалғайдан,
Ішінен оттың шықты ақын.

Жауына деген жебесі жырдың атқылап,
Жүрегіндегі жанартау,
«Дариға, сол қыз» етті ме тілеу, бақ сұрап,
Шықты ақын оқтан аман-сау.

Ақсаңдай басып шинелді солдат келеді,
«Баяғы Қасым – бір Қасым».
Көрініс осы көзіме елестер еді,
Жылыұшыраған мұнша тым.

...Таянған шақта ұяға анау қонар күн,
Езілер бауыр, бөтекем.
...Алашшыл арда ақындарына қоғамның,
Немқұрайлылығы несі екен?

Көк өскін жатар астында қардың,
Байқа, Адам!
Солмасын көктей гүлдестең.
Ғасырда қайта туар ма Қасым қайтадан,
Үйсіз де, күйсіз де күн кешкен.

Соғыста емес, өмірдің бейбіт күнінде,
Бомба етіп жарды ол жүрегін.
Жұмылған көзге құрмет көрсету бүгінде,
Қазаққа тән деп білемін.

Арамызда бір ұқсастық бар-ау деп түйдім,
Менің де жаным жыр тілеп.
Өйткені, өршіл дауысын оның естимін,
Бұлт көшкен сәтте күркіреп.

Достық ТІЛЕУБЕРГЕНОВ

01 ақпан 2022 ж. 1 170 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 086
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 743

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031