» » » Мұсылманның жасыл туын пір тұтқан

Мұсылманның жасыл туын пір тұтқан

Бір жылдары Дінмұхаммед Қонаев Қырымда іс-сапармен жүргенде Тегераннан келген діни қоғам мүшелерімен кездеседі. Сонда бір кісі «Сіздің Раббыңыз кім, дініңіз қандай, Пайғамбарыңыз кім, құбылаң қайда, кімнің ұрпағысың, Миллетің кім?» деп сұраған екен.
Сонда Қонаев оған «Алла Тағала, ислам, Мұхаммед, қағба, Муаззамда, Адам ата, Ибраһим» деп жауап берген екен.
Коммунистік партияның ең күшіне еніп тұрған заманда ел басқарған Қонаев Арыстан бабқа келгенде «Қабір тасы үлкен екен-ау, көлемін шамалап көрелік» деп әулие үстіндегі белгіні бір шетінен кере құлаштап ұстап, екінші шетіне дейін өлшеген болып тәу ететін деседі қариялар.Бұл көріністі үлкен кісілер байқап тұрады екен. Басқалар өлшеп бара жатыр ғой дейтін шығар.
Жер бетінде адамзат әлемді бағындыра бастағаннан бастап, құпия, өздерінің күшімен арқылы жетіспеген нәрселерге табынып, сыйына бастаған. Ақыры мұның нәтижесінде жер үстінде, адамзат арасында үш ірі діннің негізі қаланды дейді тарих. Ең көнесі шамасы будда діні, крестке таңылған Иссусқа сыйынатын христиан діні, соны жаңа жасампаз дін Ислам мұсылман діні пайда болды дейді шежіре. Барлық діннің алдына қойған мақсаты – адамзатты адалдыққа, тәртіпке, тазалыққа, адамгершілікке жетелеу болған. Біздің ата-бабаларымыз да ешкімнен қалыс қалмай, бұра тартпай игі ниеттегі мұсылман дінін қабылдап, тәртіп пен ізгілік жолына ден қойған екен. Жерімізге мұсылман діні енгеннен бастап білім де, ғылым да, тұрмыс-тіршілік те, өсу-өну дағдысында да, тіпті мәдениеті мен шаруашылығында да өзгерістер еніпті. Мұсылман діні әр кезеңде мемлекеттік идеологиясының да бір тұғыры болған. Ескі, көнелікті әңгімелерді қозғағанда Ұлы Отан соғысы жылдарына соқпай кете алмаймыз. Өйткені ол соғыс халқымыздың тарихының бір бөлігі және ащы бөлігі.
Қожагелді әулетінен шыққан Құлмырза деген кісі сауатты, орысша тілге жетік, неміс тілін де жақсы білетін білімді, табанды командир екен. Сол кісі «Таңертең шабуылға дайындалыңдар» деп хабар келген бойдан бөлімшелердегі қазақ жігіттерін аралап жүріп «Түнімен жуынып, шайынып, сақал-мұрттарыңды қырып, бастырып, гимнастеркаларыңның ақ жағасын (ішінен жағаға тігілетін екі елідей ақ мата) жуып, қайта тігіңдер. Жатар алдында, таңертең шабуылға шығарда тілдеріңді кәлимаға келтіріңдер» дейді екен. Азғантай ғана тұрғыны бар 6-7 колхоздың ізінен құрылған Ақжар елді мекенінен де мұсылман ілімін ел асып оқып үйренген. Үйренгендерін ел игілігіне жұмсаған. Қатал тоталитарлық заманда да мұсылманшылықты ту еткен жандар аз болмаған. Осылардың бірі – кіші жүздегі Сарықасқа руынан шыққан Ораз ахун Бекетайұлы. 12-13 жасар бала ауыл молдасынан хат танып алып, жүргіншілерге, жолаушыларға, керуеншілерге ілесіп, Бұхар асып, қиындыққа төзіп жүріп «Көкілташ» медресесінде оқып, білім алған. Оны тәмамдағаннан кейін оншақты жылдай қалып медреседе тілмаштық, аудармашылық қызмет атқарыпты. Араб, парсы, шағатай тілдеріне жетік екен. Бұл кісінің өмірі ұзақ хикая. Осындай жандардың бірі – Ақжар елді мекеніне іргелес Ақтөбе ауылынан Қайдауыл Қожагелді ұрпағы, ағайынды Ерболат, Тасболат деген кісілер болған. Осы ағайындының кішісі Тастболат та Көкілташты бітіріп, бұл кісі де оншақты жылдай медреседе дәрігерлік қызмет атқарған екен. Екеуін де, Ораз ахун бабамызды да, Тасболатты да ағайындары елге алдырып, жібермей үйлендіріп, Ораз ахун бабаға мешіт салып беріп, балаларды оқыттырған. Атақты Сыр сүлейлерінің ішіндегі бір дүлділі, ақын, шайыр, ғалым, аудармашы Тұрмағамбет те Көкілташта оқып, небәрі үш жылда тәмамдап кеткен екен. Өмірін поэзия жолына арнаған. Бұл да бір ұзақ әңгіменің бірі ғой.
Қармақшы топырағы ишандарға, ахундарға, молдаларға, сопыларға кенде емес. Бір үлкен кісіден естіп едім. Ишандар мен ахундардың білімі – оқыған жітік қырық жігіттің біліміне тең деп. Ақжар елді мекенінде Ораз ахун, Әлібай ахун, Сыдық молда,  Жүніс молда, Смағұл, Мақсұм, Құндақбай, Шоқбар молда, Құлдүйсен сопы сияқты елде қадірлі, білікті тәртіп пен тазалықты, адамгершілікті ту еткен үлкен кісілер болыпты. Бұлар діни сауатты болғанмен ел ішінде мұсылман дінін ашық насихаттауға мүмкіндіктері болмапты. Заман таршылық, қысым жасапты. Осылардың ішінде ерекше бір тұлға туыстар мен әулеттер арасында қадірлі болған, ұстанымы мықты, маңайындағылардан тәртіп пен әділеттілікті талап ете білген Сарықасқа аталығынан шыққан Есмахан Қауғаұлы деген кісі болыпты. Ол 1894 жылы дүниеге келген. Ата-анасы мал баққан шаруа, еңбегімен күн көрген кісілер екен. Бұл кісі жасынан қабілетті, өлең-жырға құмар, қыдырып жүріп, жиын-тойларда ән айтады екен, өлең шығаратыны да бар болыпты. Сақтаған деген ағасының әйелі, туған жеңгесі отынға жұмсағанда бармаймын деп айта алмай:
«Тары салып, жарма ұнтаймын дегенше талай бар,
Өзі отынға бармайды, Есмахан деген малай бар» деген екен. Кейін ержете келе ағасы Сақтағанға «Аға екеуміз бірдей мал соңында жүре бермей, мен Бұхарға оқуға кетейін» депті. Ағасы келісе қоймайды. Сонша қашық жер, ауырып-сырқап қалсаң, қарның ашса кім қолын созады? Әкесі Қауға да келісімін бере қоймайды. 1921 жылы бар ықыласы оқуға кеткен бұл кісі ауылдың белгілі ақсақалы Аманбай деген үлкен кісіге алдына бір бағлан қозыны өңгеріп, сәлем беріп барып, сәлем беріп келгенін, әкесі мен ағасының оқуға жібергісі келмегендігін айтады. Үлкен кісі сонда «Шырағым, білім алғың келсе Алла алдыңнан жарылқасын, талабың оңғарылсын, халықтың көзін ашатын әкең Ораз Мұхаммедтей білімді бол, өнерлі бол» деп батасын береді. 1921 жылдан бастап Бұхарда қиындыққа төзіп жүріп білім алған. Оқып жүргенде оқуға алғыр болыпты. Өзімен бірге Өзбекстаннан, Тамдыдан Шабарұлы Ермұхаммед руы Балқы, Жамал, Әбу деген рулары Қожа жақсы жігіттермен жолдас болдым деп айтып отырады екен. Есмахан ата Қауғаұлының есте қалған деректерде (бұл Ақжар елді мекенінің тарихынан алынды) елге көмегі тиген, қиындықтардан алып шығатын, тығырыққа тірелген, ілгері басуға мүмкіндіктері болмай тұрғанда шаруашылықтардың басының жаңа бірігіп жатқан кезінде (1930 жылдары) елге пайдасы тиіпті. Сол кезде колхоз болып ұйысып, жаңа құрылып жатқан елге жәрдем деп алдарында малы бар адамдар көмек беріпті. Бірінші Есмахан Қауғаев – 2 ат, 2 түйе, Үсен Есжанов – 4 сиыр, 2 түйе, 2 жылқы берген. Сәби Әбішовтің ағасы Жүніс – 1 ат, 1 түйе, Жекеш Күлекеев – 1 боталы інген, 5 сиыр берген. Сол кезде он қолынан өнер тамған ұсталар Алмас Кенжебаев, Кәрібай Кенжебаев, Дүйсенбай Мәкібаев, Бәймен Ерімбетов, Мәтқасым Төлебаев, Төрехан Қаймақбаев, Нұрман Телеу, Жалғасбай Керейттер кетпен, қолшалғы, соқа, орақ, тырма, арба, шана, қамыт істеген, мойынтұрықтар жасапты. Колхоз болып бірігіп, құрылыс салуда ағаштан түрлі заттар, құралдар жасаған. Қауға баласы Есмахан, Әбдіраман Өсербаев, Нұрғали Аманжолов, Нұрғали Оспанов, Табынбайлар құрылыс шебері болыпты. Бұхардағы Көкілташтың іргетасы XVI ғасырда қаланған деген дерек бар. Орта Азиядағы бірден-бір ірі оқу орны болған. Ислам ғылыми, діни жүйесінен басқа оқып жатқан шәкірттерінің қабілетіне қарай түрлі мамандықтарға да баулыған екен ғой. Есмахан ата діни біліммен қатар құрылыс, архитектура, сәулет өнерінен де хабары болған дейді. Жазбаларының өн бойында ел басқарған, биікте отырған мұсылман да, қанды соғыс кезінде орыстармен әскери шенді коммунистермен қатар жүрген мұсылман да ел ішінде ағайын арасында бақылауда үкімет билік назарында жүрген мұсылманшылық жолында жүрген үлкендеріміз де тура жолдан таймай, мұсылманның жасыл туын пір тұтқан. Осы жазып отырған әңгімемнің ішіндегі кейбір кісілерді жастау кезінде көрдім. Кейбіреулері туралы естігенімді, ал кейбіреулері туралы қолымдағы естелік жазбалардан алып отырмын. Аты аталған кісілер мәңгілікке кетіп қалған болса да, соңдарында ұрпақтары айта-айта жүретін із қалдырған. Мұсылманшылықты өмірлеріне бағдаршам еткен бұл жандарды кейінгілер ризашылықпен, ілтипатпен естеріне алары сөзсіз.

Ақжар ауылы
05 мамыр 2022 ж. 578 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 041

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031