Тұғыры биік, тарихы терең елміз
Құрметті жерлестер!
Қадірлі ағайын!
Қадірлі ағайын!
Міне Еліміз егемендік алып, тәуелсіздігін жариялағанына 30 жыл толып отыр. 30 жыл азба, көпба? Бір мемлекеттің даму тарихына көп емес. Бірақ осы жолды өткен халыққа азда емес. Бастан өткізген қиындықтар артта қалғасын барлығы оңай көрінеді. Дегенмен сонау тоқсаныншы жылдардың басында қайда барамыз, дамудың қандай жолымен жүреміз, таңдауда қалай қателеспеу керек деген сұрақтар сол кездегі жас мемлекеттің басшылығының алдында тағдыр шешуші мәселе болып тұрды.
Елбасы Н.Назарбаевтың – алдымен экономика сосын саясат деген ұстанымына сәйкес елмізде түрлі жаңа экономикалық реформалар болды. Жекешелендіру, өзіміздің ұлттық валюта – теңгені айналымға шығару, эқономиканы оңтайландыру т.б. Олардың барлығы оңай өткен жоқ. Бірақ тиісті нәтижеге қол жеткізілді. Сол 1993 жылдың басында аудандық қаржы бөліміне жас маман болып қызметке тұрып, ауданымыздың экономикасының қалай дами бастағаны көз алдымызда. Ал мемлекет деген осындай аудандардан құралады емеспе. Әдепкі қиын жылдарда ел айлап жалақысын ала алмай, мемелекет зейнетақы мен жәрдемақыларды уақытылы төлей алмай, нанмен бір қатар күнделікті тұтынатын заттар талон арқылы алып жүрген кезде елдің бірлігі мен болашаққа сенімі зор болды. Оған барлығымызда куәміз.
Қазіргі күнде де біздің мемлекет даму үстінде. Жылда әлемдегі практикаға сүйіне отырып, жаңа түрлі салалық реформаларды жүзеге асырудамыз. Әрине бұл дамудыңда өз қиындықтары бар. Басқа мемлекеттер 30-50 жылда жасаған тірліктерді бізге 3-4 жылда жасауға тура келді. Әлі біраз нәрсеге қол жеткізуміз керек. Әлемді жайлаған пандемияда бір басылып, бір күшейіп дамуға кері әсерін тигізіп отыр. Дегенмен қазіргі күніміз жаман емес, даму жолымызды мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өз жолдауында айқындап берді, болашағамыз жарқын болады деп сенеміз!
Әділ ҚОШАЛАҚОВ
Аудандық мәслихатының хатшысы,
VII шақырылымдағы «Nur Otan»
партиясынан сайланған депутат