Ескі үй


Төртте едім, бәлки бесте ме,
Айтуым оны дөп қиын.
Еріксіз түсер еске де
Ертерек кезгі ескі үйім.

Көшірген көзге пошымы,
Құрқылтай құстың ұясын.
Қанағат тұтып осыны
Алты жан соған сиятын.

Тілімді әжем жөн тапса,
Ерке ұл ем нағыз мен деген.
Қонысбек інім сол шақта
Дүниеге әлі келмеген.

Бес бөлме, білем, жұпыны
Жарқырап жиһаз тұрмаған.
Тағдырға тәубе, түтіні
Тіке ұшып жатты мұржадан.

Қораштау көрсең – бір жыми ,
Жұрт жиі өтетін жері.
Өзіме ыстық біздің үй
Гагарин көшесіндегі.

Тірлікпен түзге беттер ер,
Отырмас үйде, әттеңі.
Ертемен кетіп, кеш келер
Әкеміз жұмысбасты еді.

"Қызметкер шығар мақтаулы, ә!
Келеді ол қазір. Мен білем."
Жармасып жалпақ жақтауға
Әйнектен тысқа телмірем.

Жанарым жолды тұр бағып,
Бүр жарып үміт сенімнен.
Тыста аяз. Әйнек буланып
Әлекпін сүртіп жеңіммен.

Сағат тіл сарсаң етті ме,
Есептеп уақыт құнын да.
Кешіккен әкем кеш кіре
Келе жататын шынында.

... Ұмытшақсың деп сөк, сөкпе,
Сол жылды айту дөп қиын.
Жаңа үйге кейін көшсек те,
Есімде қалған ескі үйім.

Ұмыту мұны мүмкін бе,
Көзімде көзі әйнектің.
Ошақтың орны бұл күнде
Қонысы ол өзге әулеттің.

Балалық шақтың куәсі,
Болған жер шіркін, аяулы-ақ!
Азайған өмір сиясы –
Көшемде келем жаяулап.

Өзгерген өмір қинар-ақ ,
Өзгермес не бар фәниде?
Еңселі анау ғимарат
Ескі үйдің орны ол, әрине.

Келбетін құшқан күнгейдің,
Балдәурен бізден қалған ба?
Бал шақтан белгі іздеймін
Қураған кәрі талдан да.

Келеді көргім бәрін мен,
Көнекөздерден кім бар-ау?!
Тартсам да жақын жаныммен
Жылы ұшырамас үй де анау.

Зырлаған уақыт-ай, неткен,
Шағымды жастық ұрлап ап.
Бір бала мөлдір әйнектен
Жымия маған тұр қарап.

Достық
ТІЛЕУБЕРГЕНОВ
15 наурыз 2022 ж. 1 175 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 041

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031