» » » Жеттің бе есен, көктем-қыз?

Жеттің бе есен, көктем-қыз?


Өктем қыс өтеп өтемін,
Қайырлы болсын дескенбіз.
Желбіреп желмен етегің,
Жеттің бе есен, көктем-қыз?

Тіршілік тіні қымбат па,
Тірліксіз оны бос көрдім.
Сыр елі дейтін біз жаққа,
Тағы да міне, қош келдің!

Сұлулық – сенің жеңісің,
Мен айтам теңдес жоқ қой
деп.
Сәмбі тал анау сен үшін,
Сәндене киген көк көйлек.

Сәт ғайып екен шық түскен,
Тағдырдың соңы, әрқилы.
Түстіктен қайтса құс біткен,
Бүршіктен жұпар аңқиды.

Көкорай белдер көз тартып,
Беймарал дала бусанып,
Белдеуде боз ат жер тарпып,
Ер елде жатпас қымтанып.

Қоймайды-ау, қоймас ерікке,
Немкетті болсақ не етер ек?
Бойды бір буған желік пе,
Тысқа алып мені жетелеп.

Жеңілдеп сірә, қалғаным –
Жеңіл де желең кигенім.
Сенің де сұңғыл бар ма әнің,
Сезімге құштар күйдемін.

Құт болғай Наурыз – әз айым,
Әрменде қалсын ескі мұң.
Жырыма орап жазайын,
Көктемнің көркем кескінін.

Ширықса шабыт тасып шын,
Қапыда ақын, қарманба!
Көктем-қыз, саған ғашықпын,
Жалғансыз сертпен жалғанда.

Достық ТІЛЕУБЕРГЕНОВ
01 наурыз 2022 ж. 1 263 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№19 (10486)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 627
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 408

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031