» » » Мына көктем (өлең)

Мына көктем (өлең)


Жанымның жапырағына шуақ төккен,
Қабағын неге ашпайды мына көктем?
Көтере алмай қабырғам қайысады,
Қара бұлтты үстімнен жылап өткен.

Шарт-шұрт сынып найзағай төбемдегі,
Күркірейсің, құлағым керең бе еді?
Жай оты бір төбеме түсердей кеп,
Неден жаным үркектеп елеңдеулі?

Кезім ең ғой жазатын құшып өлең,
Сурет сап қыл қалам ұшыменен.
Кезім қайда қосылып ән салатын,
Тізбек-тізбек көктемнің құсыменен.

Қайғы кірді қайдан кеп қабағыма,
Жас үйірдім жасқана жанарыма.
Сандуғашы сайрамай күрсінеді,
Неге, неге құдай-ау дала мына?

Тіреу таппай тоқтатар табанына,
Жылғаланып көл кеудем ағады ма?
Енді мені матаған мұңлы муза,
Тереземді жаңбыр боп қағады ма?

Жармасқан айдың аппақ желегіне,
Азалы желдің мынау өлеңі не?
Түсімде мен осындай көктем көрдім,
Айтар сырын білмедім, дегені не?

Жаралы бір мұңдылау жан шығармын,
Өз-өзімді қой-қоймен қамшыладым.
Жүрегімді өксіген жуып жатыр,
Көктем сенің ып-ыстық тамшыларың.

Т.Досымова
26 наурыз 2021 ж. 1 651 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 066
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 729

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031