» » » Тұрмағамбет жырлары – жаңа ғасыр көгінде

Тұрмағамбет жырлары – жаңа ғасыр көгінде



Назым сөздің ширатқан шын жібегін,
Түбі Түркі тілінің білгірі едің.
Қара қазақ көгіне от ойнатып,
Қара аспаннан қақ бөліп тілгіледің.

Мекен етіп жарығы аз, ысы басым,
Көкілташ пен Мір- Араб құжырасын.
Хикаяттан мысал ап «Мың бір түндей»,
Дастан етіп ойыңды тұжырасың.

Шуақ шашқан шығыстың шұғыласын,
Жәми, Сағди, Хафизді ұғынасың.
Шәрбат суын өлеңіңнің қанып іштің,
Қолыңа алып Фирдоуси құмырасын.

Сөзіңді кім тыңдайды ел болмаса,
Жаныңа сөзің дәру ем болмаса.
От ауыз, орақ тілді Тұрмағамбет,
Жүз жылда бір туса екен ең болмаса...

Қармақшы ауданы әкмідігінің қолдауымен Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің К.Рүстембеков атындағы «Жыраулар үйінің» ұйымдастыруымен Сыр сүлейі, есімі алты Алашқа мәлім Тұрмағамбет Ізтілеуовтің туғанына 140 жыл толуына орай шығармаларын насихаттау, болашақ жастардың жадында қалдыру мақсатында «Тұрмағамбет жырлары - жаңа ғасыр көгінде» атты аудандық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы ұйымдастырылды.
Көркемдеп оқу байқауына аудан көлеміндегі кент, елді-мекендердегі мектептерден 30 талапкер қатыстырылды.
Байқауға қатысушыларға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ержанов Дәурен Дауылбекұлы сәттілік тілеп, құттықтау сөз сөйледі.
Арнайы құрылған қазылар алқасының құрамы, төрайымы- Қаратаева Райкүл Қоңырбайқызы- ұстаз, Білім беру ісінің үздігі, Байкубекова Гулфайруз Кенжебекқызы- аудадық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері, Әділбеков Сырым Смайылұлы – айтыскер ақын, Жастар ресурстық орталығының директоры талапкерлердің өнерін саралап, нәтижесінде Кіші топ бойынша Бас жүлдемен Ұланбек Айдана /29 мектеп/, 1 орынмен Ұланбек Қарақат /29 мектеп/, ІІ орынмен Мархабатова Фариза /29 мектеп/, Райымбекова Азима/111 мектеп/, ІІІ орын Махамтдин Мақсат /185 мектеп/, Алдаберген Мәди /85 мектеп марапатталды. Үлкен топ бойынша Бас жүлдемен Берікбол Маржан /79 мектеп/, І орынмен Шалқарова Іңкәр /28 мектеп/, ІІ орынмен Нұраддин Тоғжан /99 мектеп/, Бұхарбаева Шахназ /29 мектеп/, ІІІ орынмен Ібіраш Ақерке /121 мектеп/, Құрманбекова Мақпал /80мектеп/ марапатталды. Қалған барлық қатысушылар арнайы алғыс хаттар және сыйлықтармен марапатталды.
Сыр өңіріндегі ақын- жыраулардың көкірегінен төгілген жырларын құмның арасынан іздегендей тірнектеп жинап, бұл қымбат қазынаның сыры мен сымбатын жұртшылыққа жеткізу- кейінгі ұрпақтың міндеті. Тарих қойнауында жатқан өз заманының белгілі тұлғалары ақындар мен жыраулар осылайша халықтан өз бағасын ала бермек. Артында сұлу сөз бен өлместей мұра қалдырған атақты дара тұлғаларды қалай құрметтесек те артық етпейді.

25 ақпан 2022 ж. 565 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031