» » » Бүгін – Шәмші Қалдаяқовтың туған күні

Бүгін – Шәмші Қалдаяқовтың туған күні


15 тамыз – аты аңызға айналған сазгер, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Былтыр ҚР Гимнінің авторы, Қазақстанның Халық артисінің туғанына 90 жыл толған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазіргі Түркістан облысының Отырар ауданында туған. Сарыағаштағы Қапыланбек малдәрігерлік техникумын, Ташкенттегі музыка училищесін, Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген.
Болашақ халық композиторы 1930 жылы 15 тамызда елдің оңтүстігіндегі шағын ауылда дүниеге келді. Оның әкесі зергер, темір ұстасы болған. Десек те, өнерден де құры қол емес еді. Қазақтың қобызы мен домбырасын құйқылжыта тартатын сері адам. Анасы да ән салатын. Шәмші бала кезінен өнерге бейім болды. Кішкентайынан мандолинада ойнап, алғашқы әндерін жаза бастады.
1950 жылдан бастап шығармашылық қызметпен айналысқан. Ол ұлттық музыка өнерінің ән жанрына аса айқын, соңғы леп ала келген сазгер ретінде танылды. Оның әндері құлаққа жағымды, жүрекке жылы қабылданып, жұртшылықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Композитор шығармаларының тақырыптық, мазмұндық ауқымы аса кең. Елге, жерге, Отанға, ата-анаға, жарға, дос-жаранға деген сүйіспеншілік Шәмші шығармаларының басты тақырыбы. Оның азаматтық лирикаға тұнған, республикамыздың кең байтақ жерін жырға қосатын «Ақ ерке – Ақ Жайық», «Арыс жағасында», «Сыр сұлуы», «Теріскей», «Қарқаралы», «Өмір өзен», т.б. туындыларын жұртшылық ерекше ықыласпен қабылдады. Композитордың марш екпінді, жігерлі, шаттықпен шырқалатын «Менің Қазақстаным», «Бақыт құшағында», «Бәрінен де сен сұлу» сияқты әндері халық арасына кеңінен тарады.
1992 жылдан бастап сазгерлер мен әншілер үшін Қалдаяқов атындағы халықаралық байқау-фестиваль дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады.
15 тамыз 2021 ж. 555 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 097

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930