» » » Оқырманның киелі ортасы

Оқырманның киелі ортасы

– Біздің ауылда кітапты көп оқитын ақсақал бар деді, – кітапханашы келген мейманға ағынан жарыла.
– Рас па? Кім ол? – деді әлгі қонақ сөзге еліктей.
– Анықтамалық тіркеу картасында үш жүзден аса кітап оқығаны жазылған, – деді ол сөзін жандандыра. Анадай жерде кітап сөресін қарап тұрған менің құлағымның шалып қалғаны бұл. Нақты неше жылда оқығаны туралы айтқаны есімде қалмапты.
Бұл – Ақтөбе ауылдық клуб үйіндегі кітапхана ғой сөз етіп отырғанымыз. Кітапханашының есімі – Мархабат­ Шынарбаева. Әлгі әңгімеден кейін мынадай оқырмандары бар кітап­ханашымен сөйлесуді жөн көріп, әңгімеге тарттық кеп. Аядай бөлмені кітаптарға толтырған маманның қызметі сонау 1987 жылдан басталған.
– Қаладағы агроколледжді «Есепші» мамандығы бойынша бітіріп келген кезім. Ол уақытта ауылда жұмыс болмай біраз жүріп қалдым. Содан ауылдың кеңес төрағасы Мәжит ағай мені кітапхана жұмысына шақырды. Ондай қызметті бұрын істеп көрмеген мен біраз қиынсындым. Сонда да ағай бұл жұмыстың менің қолымнан келетінін айтып, кітапханадағы бар кітапты тапсырды. Ол кезде кітап қоры тым аз болатын. Тіпті сол уақытта ешкім кітапты қызығып оқымайтын да еді. Тәуекелге бел шешіп жұмысымды бас­тадым. Кейін осы сала бойынша оқу оқып «Кітапхана ісі» деген мамандық алдым. Қазір содан бері осы қызметте жүргеніме 34 жыл толыпты, – дейді кітапханашы Мархабат.
Заман талабына қарай жаб­дықталған кітапхананың іші өте жайлы. Мұнда оқырманға жеткілікті 23297 кітап қоры бар. Іздеген кітабыңды таба аласың. Тіпті 2019 жылы COWORKING орталығы да іске қосылған. Оқушылар екі мезгіл келіп сабағына қатысты мәліметтерді іздесе, үлкендер жағы кітап оқып, арасында шахмат, дойбы ойнап тынығады дейді ол.
Сырт көзге жұмысы көрінбейтін мамандықтың атқарар қызметі ауқымды екенін Мархабат апайдың жұмысынан байқадық. Мәселен кешегі Абайдың 175 жылдығында 120 челлендж түсіріп, үздіктер қатарынан көрінген. Оған ауылдағы жанұялық оқырмандар мен жастар белсене атсалысыпты. Абай жылына орай облыстық семинар өткізіп, келген қонақтардың оң бағасын алған. Белгілі қаламгер, Журналистер одағының мүшесі, ақын Ибрагим Бекмахановпен танымдық кездесу кешін өткізген. Мұнан бөлек мүмкіндігі шектеулі балалармен де жұмыс жасайды.
Журналистік қызығушылықпен ауылдағы жасы үлкен оқырмандарды сұрадық. Жұмыс үстеліндегі тіркеу картасын парақтай ашып, тұрақты оқырмандарымен таныстырды.
– Мұнда жиі бас сұғып, кітап сұрайтын үлкендердің алды жетпістен асқан кісілер. Олар Аманжол Жәкенов, Айжан Қоржынбаева, Гүлбарам Қалманова. 1999 жылдан бері ашылған тіркеу анықтамалық карталары әлі күнге сақтаулы тұр. Күні бүгінге дейін оқыған кітаптарының саны төрт жүзге жуықтайды. Мен осы кісілерді кейінгі оқырмандарыма үлгі етіп айтып отырамын, – дейді ол.
Кейіпкеріміздің жас оқырмандары да жетістіктен құр алақан емес. Ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқудан Гүлсезім Қанатқызы мен Гүлжайна Әбиева республикалық Қазақ ұлттық кітапханасының алғыс хатымен марапатталған.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
30 наурыз 2021 ж. 958 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930