» » » Ұлт руханиятының алтын бесігі

Ұлт руханиятының алтын бесігі

Қасиетті Қармақшы ауданы дүниенің төрт бұрышы мен ғарыштық кеңістікті астастырып жатқан, түркі дүниесінің абызы қасиетті Қорқыт бабаның мәңгілік қоныс тепкен, ғарыш кемелері аспанға самғаған Байқоңыр кешені орналасқан киелі мекен.
Қорқыт атамыздан бастау алған Қармақшы елі «Сыр елі – жыр елі» деген ұғымды Сыр еліне мәңгі қалыптастырған, талайды таңдай қақтырған, «Сыр сүлейлері» деген атауды ұлттық мәдениет төрінде берік орнықтырған жыршы-жыраулардың, дарабоз ақындар мен шайырлардың мекені «Жүз жыраудың елі» аталуына себеп болды.
Қорқыт бабамыз өлімнен қашып мәңгілік өмір іздеді. Елбасы «Мәңгілік Ел» идеясын ту етіп көтеріп, бүгінде осы бағытта нақты жұмыстар қолға алына бастады. Көне дәуірдегі баба арманы мен бүгінгі Елбасының бастамасы ұштасып, бір-бірімен астасып жатқанын осы арадан көруге болады.
«Қазақстанның қасиетті жерлерінің картасы» жасалды. Бұған Қармақшы ауданынан Қорқыт ата кешені мен Сортөбе қалашығыенді.
Ал Қармақшыда тұрған Қорқыт кешенін жай ғана кесене деп қарауға болмайды. Бұл түбі бір түркіні тұтастыратын, біріктіретін, көне замандағы тамырымызды қайта жаңғыртатын қастерлі жер деп санаймыз.
Сортөбе қалашығында қазба жұмыстарын жүргізуге қаржы бөліп, нақты жұмыс жасалды. Бұл шаруа келесі жылы да жалғасады деп отырмыз. «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде игі істер жүзеге асуда. Қармақшыдан шыққан, еліміздің түкпір-түкпірінде, әртүрлі салада еңбек етіп, жоғары жетістікке жеткен азаматтар баршылық.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізде волонтерлікті дамыту мақсатында 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялағаны баршамызға белгілі.
Өздеріңіз білетіндей, үстіміздегі жыл коронавирус пандемиясының таралуына байланысты айрықша кезең болды, ол бүкіләлемдік қауымдастықта үлкен дағдарыс тудырды және барлық дерлік салада адамдар мен қоғамның үйреншікті өмір салтын бұзды.
Биылғы жылы елімізде жарияланған төтенше жағдай мен карантиндік шектеу еліміздің экономикасына, халықтың тұрмыс-тіршілігіне айтарлықтай кері әсерін тигізді.
Қаншама жерлестеріміз коронавирус, пневмония індетімен ауырып, емделіп шықса, ең өкініштісі инфекцияның құрбаны болып, бақилыққа кеткендері де болды.
Осы індеттің ортамызда кең таралуының алдын алу бағытында барлық қазақстандық жұмыла жұмыс жасады. Оның ішінде, жерлестеріміз де айтарлықтай үлес қосты деп айтуға болады.
Бизнес субьектілері өздері қиындықтарға тап болса да, тұрғындарға белсенді көмек көрсетті.
Мұндай іс-әрекеттерді еліне, туған жеріне деген патриоттық іс деп бағалауға болады. Осы тұста игі бастамалардың басында жүрген ел азаматтарының арқасында коронавируспен күрестің күрделі кезеңдерін еңсеріп келеміз.
Ауданымызда қазіргі таңда әлеуметтік-экономикалық дамуында игі дәстүрлер жалғасын тауып келеді. Шағын және орта кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы салаларында тұрақты даму бар.
Үстіміздегі жылы ауданымызда атқарылатын игілікті бастамалар мен жұмыстар Тәуелсіз Қазақстанымыздың 30 жылдық мерейлі мерейтойына арналады.
Тәуелсіз Қазақстанымыздың 30 жылдығы аясында кең көлемді жұмыстар жоспарлануда. Рухани-мәдени салада ұлттық құндылықтарымыз жыраулық дәстүрімізді жалғастыруда бірқатар жұмыстар қолға алынбақ.
Ауданымыздың күріштен кейінгі бренді мәдени-рухани саладағы жыраулық дәстүрімізді атап айтуға болады.
Ауданымызда бүгінгі таңда өңірімізге танымал Көшеней Рүстембекұлы атындағы «Жыраулар үйі» жұмыс істейді. Онда жас жыраулардың толқынын қалыптастыруда үйірмелер ашылып, белгілі жыршы жырауларымыз бен айтыскер ақындарымыз тағылымы мол тәрбие беруде. Сондай-ақ өткен жылдан бастап Тұрмағамбет Ізтілеуов атындағы ақындар үйірмесі ашылды.
Өңірде мәдениет саласы бойынша 1 аудандық, 1 ауылдық мәдениет үйі, 13 ауылдық клуб үйі, 1 жыраулар үйі,18 кітапхана, барлығы 34 мекеме қызмет көрсетеді.
Жыраулар үйінде қазіргі таңда 7 үйірме жұмыс жүргізеді. Оған барлығы 126 мүше тартылған. Өткен жылдың 1 шілдесінен бастап аудандық бюджеттен 1 штат бірлігі беріліп, ақындар үйірмесі жұмысын бастады. Тұрмағамбет ауылында “Тасберген жырау” үйірмесі мен “Жиенбай жырау” үйірмесі жас өнерпаздарды жыраулық, жыршылық өнерге баулуда.
Сонымен қатар, жастарды жан-жақты қолдау мақсатында аудан бойынша 18 «Coworking» орталығы, бірге білім беру ұйымдарының жанынан өскелең ұрпақты азаматтық - партиоттыққа тәрбиелеуде мектептерде 8 музей қызметі ашылды.
Биыл¬ғы жылы атаулы мерекелік шараларға байланысты онлайн форматында ән байқауы мен көркемсөз оқу шеберлерінің байқаулары, жазба ақындар мүшәйралары ұйымдастырылды.
Әйгілі жиһангез әулие Асан қайғы Сырдың бойына келіп, «Әр бұтаңның түбі бір асым ет екен» депті дейді. Сол әулие мәңгі қонысына да осы өлкені таңдаған.
Елбасының «Тәуелсіздік жылдарындағы жетістікті бір ғана Қызылорда облысынан көруге болады» деген сөзі біздің өңіріміздің айтылып отырған толайым табыстарына нақ берілген баға.
Сондықтан да қасиетті Қармақшы деп аталатын аяулы атамекен осы өңірдің нанын жеп, суын ішкен әрбіріміз үшін қымбат һәм қастерлі.
Жарқын ОМАРОВ,
аудан әкімінің орынбасары

25 наурыз 2021 ж. 1 098 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 054

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031