» » » Әр өлеңі – бір әлем

Әр өлеңі – бір әлем


Өлең – өнер, өлең – өмір.Өмірдің әрбір иірімін сары майдан қыл суырғандай сыр қылып жеткізетін өлеңнен сыршыл, өлеңнен шыншыл қандай өнер бар? Нағыз өлең кез келген адамның көңіл пернесін дәп басады, бар адамды сіз бен біз түсініп болмайтын сана деңгейінде біріктіреді. Сол себепті қай заманда болсын өлең өміршең,өз тыңдаушысын табады. Бұл сөздің растығына осы күні өлең оқуды сүйетін, ақындық өнерді игеруге талаптанған жастарды көргенде көзім жете түседі.
Жуырда Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінде мектеп-директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлайна Аяпованың ұйымдастыруымен ақиық ақын, дара өнер иесі – Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 90 жыл толуына орай, “Әр өлеңі – бір әлем” атты кеш болып өтті. Кеште мектеп ұстаздары мен оқушылар бірлесіп ақын шығармаларын оқыды, әндерін орындады. Әдеби-сазды кештің қонақтары: аудандық білім бөлімінің басшысы Дастан Мырзабеков және мектебіміздің түлектері,бүгінгі күнде ауданымыздың мәдени көркеюіне қызмет етіп жүрген Мадияр Махамбетұлы мен Айжан Қыдырбек және С.Сейфуллин атындағы университет студенті Ердана Тұрымбетовтер қонағы болды. Қонақтар да қонақ кәдесінен жаңылмай, өз өнерлерімен көрермендерді тәнті етті. Айтылар ойы мол кештің қатысушы үшін де, көрермен үшін де берері мол болды.
«Тау ұлы» Мұқағалидың өлеңдері сол таудан аққан мөлдір бұлақ секілді: түбіне жасырынғаны жоқ таза әрі денеңді шымырлатар салқын. Ақын өлеңдерінің қазақ поэзиясына жаңа леп, тың серпін әкелгені даусыз. Ақын қалам тербемеген тақырып жоқ шығар. Өлеңді оқушы әр өлеңнен өзін табады. Өзім деп өлең жазып тұрып, бүкіл адамзаттың жүрегіндегіні жырлаған суреткер оқығанды ойландырмай қоймайды.Өзі жоқ болса да, Мұқағалиға еліктеп өлең жазар жастар шықса, ақынның өлмегені. Мұқағали өлеңінен ақын жанын түсініп, өлеңдегі сырды өмірлік тәжірибеге айналдыра алар есті ұрпақ қалыптастыра алсақ – ұстаздық міндеттің орындалғаны.
Абылай ШАЙМЕРДЕНҰЛЫ,
№250 мектеп-лицейдің мұғалімі
10 наурыз 2021 ж. 1 086 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 389
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 179

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930