» » » Келер жылға артамыз зор үмітті

Келер жылға артамыз зор үмітті


Ауыстырып төрт мезгіл тұсбағарын,
Өмірдің көріп келдік нұсқаларын.
Көктем өтіп жаз кетіп күрең күзді,
Аттап міне кеп қалды қыста қалың.

Қыс айы шабытымды жалындатты,
Әуселең кәні қандай әлің қапты.
Ауылымды қалың қар баспаса да,
Киімімді аязың қалыңдатты.

Шыршалар құрылады бар алаңға,
Балалар түсер талай аламанға.
Барлығы жаңа жылды қарсы алады,
Қарасақ сағат, минут санағанға.

Қыс аязы бет қаратпай жазалады,
Қар бораны жанымды мазалады.
Аппақ қар жерге түссе қыламықтап,
Ақ ниет боп барлығы тазарады.

Құтты болсын, жаңа жыл асқарың бар.
Бауыр бүтін аман ғой бастарың дәл.
Отшашулар атылып көкке қарай,
Боялады түр түске аспаным дәл.

Келген ем қыс айымен табысқалы,
Болмасамда өмірдің арыстаны.
Көп қайғы әкелсе де тышқан жылы,
Соншалықты жетістік табыстады.

Жинаған руханияты қоры мықты,
Риясыз ақ көңілдер толығыпты.
Өткен жылға өкпе жоқ сондықтан да,
Сиыр жылға артамыз зор үмітті.

Еркебұлан СЕРІКОВ
31 желтоқсан 2020 ж. 680 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031