» » » Сірге мөлдіретер

Сірге мөлдіретер


Қураған жапырақ сары кілемге айналып, қыстың ызғарын сездіре күз де келді. Әр мезгілге мән беріп, соған орай үй-жайын қамдап, төрт түлігін сайлайтын елдің дәстүрі де уақытқа орайласқан. Ертеректе дәл осындай қоңыр күз келіп, күн суыта бастағанда қымыз әзірлеудің аяқталуына орай арнайы рәсім өткізілетін болған. Бүгінде бұл рәсімді ұстанатындар жоқтың қасы. Рухани мұраны жаңғырту мақсатында білмегендер біле жүрсін деген ниетпен атадан қалған дәстүрді бөлісуді жөн көрдік.
Әсілінде, сонау ғасырдан бізге жеткен бұл рәсім «сірге мөлдіретер» деп аталады. Оған бірнеше күннің қымызын арнайы жинақтайды. Содан кейін туған-туыс, көрші-қолаң, ауыл қариялары шақырылып, басқосу өткен. Онда семіз бағланның еті асылып, үлкен астан соң қонақтарға күрең күздің дәмді қымызы тартылған. Үлкендер өз кезегімен риза болып, алғыс білдіріп, бата береді. Содан соң желінің қазығы мен бауына, биенің маңдайына сары май жағылатын болған. Онан соң, «Сірге мөлдіретерден» кейін аман-есен, жұбымыз жазылмай «Қымыз мұрындыққа жетейік» деген жақсы тілек айтылып, биелер ағытылады. Кейбір жерде бұл игі дәстүр «сірге жияр» деп те қолданылған екен.
Бұл халқымыздың қонақ­жайлыл­ығын, кішіпейілділігін, ұлтжан­ды­лығын білдіретін салтымыздың бірі ғана. Күн суытып, бие байлаудың тоқтауына байланысты қымыздың да азаятыны белгілі ғой. Ал сол аз қымызды көппен бөлісіп ішіп, үлкеннің батасын алудың астарында терең мән бар. Әрбір салты философиялық толғамға толы дәстүрдің бүгінгі қоғамға берері көп. Мұнан өзге де ұмытылуға айналған, қолданыстан шығып қалған астарлы дәстүріміз де жетерлік. Қазіргі жас буынды ізгілікке, жақсылыққа, көпшіл болуға, ауызбіршілікке үндейтін мұндай салттардың жоғалып кетпей, кемелдене түскені керек-ақ.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
10 қараша 2020 ж. 2 117 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930